Өнерлінің өрісі кең

21-4-1#Өнер –халық тарихының асыл шежіресі. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның ішкі дүниесінің әртүрлі сезімі бейнеленеді. Сөз, әуен, қолөнер адам өмірінің сан ғасырлық тарихының көзіндей болып, алуан түрлі сыр шертеді. #Өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, болашақ үшін тарих сахнасына айналады.

Өнер – таусылмас азық,

Жұтамас байлық, - демекші өнерлі жанның өмірі өрнекке толы, өмірі өзгеге үлгі болары анық. Қазақ халқы өнерден құр алақан емес. Халқымыздың қанына сіңген құдіретті өнері ауыз толтырып айтарлық. «Әу!» демейтін қазақ жоқ демекші, біздің қалқымыз күміс көмей, жез таңдай әншілігімен, мың бұралған бишілігімен, күмбірлеткен күйшілігімен, «сөз қадірін-өз қадірім» дейтін шешендігімен мәлім.

Қаны қазақ, жаны қазақ біздің #Серпіндік жастарымызда өнерден кенде емес. Бойына барлық игі қасиеттерді сіңіре білген жастарымыз жетерлік. Олардың ортасында мың бұралған биші, жез таңдай әнші, домбыраның құлағында ойнаған күйші, азуы арынды, қаламы қарынды арқалы ақында кездеседі.Студенттердің бойындағы талантын тану мақсатында сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл өнерлінің шырағын жағып, өрісін кеңейтері даусыз.Өнерлі ұрпақ елдің жарқын болашағы. Өнерлі ұрпағы бар ел – өркениетті ел болмақ!

21-4-2 21-4-3 21-4-4

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS