Бірлік болмай - тірлік болмас

FG51ir5ketE 500x334Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

Н.Ә.Назарбаев

Елбасының осы нақыл сөзінің астарын терең ұғына білген университетіміздің белсендері студенттері мен «Серпін» жастары «келісіп пішкен тон келте болмас» -дегендей көптеген тәрбиелік  мәні зор, тағылымы мол іс-шараларға белсене араласуда. Атап айтар болсақ : «Серпін» студенттеріне арнайы көрсетілген «Құнанбай» фильмі, «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбындағы  кездесу, Ақ Жайықтың «Ақ Шағаласы» атанған азулы ақын, ардақты ана Ақұштап Бақтыгереева апамызбен өткен сырға толы кештің бүгінгі бала, болашақ дара тұлға болуына септігін тигізіп қана қоймай, олардың бойына игі қасиеттерді сіңіріп, жүрегіне адамгершіліктің алауын жағып, жанына жалау етер рухани азық алғаны мәлім . Сонымен қатар,сайлауға алғаш қатысушы студенттерге сайлаудың «Мәңгілік ел» болам деген елдің жарқын болашағы үшін маңызын, әрбір жастың дауысы кемелді келешегінің кепілі екендігін түсіндіретін акция болып өтті. 

Теңге - тиыннан, 

Ынтымақ – ұйымнан, болатындығын «Серпін» жастары  дәлелдеп, мәңгілік елдің жастары дамудың даңғыл жолына түсіп, болашаққа  айқын қадам жасауда.

y0oSbTL4ubY 500x201 Ifi6Yuj5nP8 500x334 

«Серпін 2050» студенттерімен М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры А.С.Иманғалиевтың кездесу сәті

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS