«Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында облысымыздағы жас мемлекеттік қызметкерлермен студенттердің кездесуі өтті

0o2SgUZdvagАқпан айының 3 күні, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында облысымыздағы жас мемлекеттік қызметкерлермен студенттердің кездесуі өтті. Кездесуге "Мәңгілік ел жастары индустрияға" "Серпін 2050" жобасының білім алушы студенттері қатысқан болатын. Бүгінгі студент – ертеңгі маман демекші, болашақта осы салаға қызығушылық танытып жүрген жастарға мемлекеттік қызметтің маңызы мен бүгінгі таңда алатын орны туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік қызметкерлерге қандай талаптар қойылатыны тілге тиек болды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы – Хайрулин Біржан Марданұлы студенттерге Мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын міндеттері мен функциялары туралы ақпарат берсе, жастар саясаты мәселелер басқармасының бөлім басшысы – Құлжанов Данияр Дүкенбайұлы мемлекеттік қызметкерлердің ел дамуындағы үлесі мен рөлі туралы айтып өтті. Ал керемет кездесудің көркін Орал қалалық әкімдігінің мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас инпекторы – Нүрекешов Қанат Мақсотұлы мемлекеттік қызметкерлердің имиджі тақырыбындағы әнгімесі қыздырды.

Кездесу барысында облысымызда жас болса да бас болып, бүгінгі таңда белгілі бір мекемелерде басқарып отырған жас мемлекеттік қызметкерлер студенттермен ой бөлісіп, еркін сұхбат жүргізді. Кездесуге "Мәңгілік ел жастары индустрияға" "Серпін 2050" жобасының білім алушы студенттері қатысқан болатын. Бүгінгі студент – ертеңгі маман демекші, болашақта осы салаға қызығушылық танытып жүрген жастарға мемлекеттік қызметтің маңызы мен бүгінгі таңда алатын орны туралы ақпарат беріліп, мемлекеттік қызметкерлерге қандай талаптар қойылатыны тілге тиек болды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы – Хайрулин Біржан Марданұлы студенттерге Мемлекеттік қызметкерлердің атқаратын міндеттері мен функциялары туралы ақпарат берсе, жастар саясаты мәселелер басқармасының бөлім басшысы – Құлжанов Данияр Дүкенбайұлы мемлекеттік қызметкерлердің ел дамуындағы үлесі мен рөлі туралы айтып өтті. Ал керемет кездесудің көркін Орал қалалық әкімдігінің мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас инпекторы – Нүрекешов Қанат Мақсотұлы мемлекеттік қызметкерлердің имиджі тақырыбындағы әнгімесі қыздырды.

Кездесу барысында облысымызда жас болса да бас болып, бүгінгі таңда белгілі бір мекемелерде басқарып отырған жас мемлекеттік қызметкерлер студенттермен ой бөлісіп, еркін сұхбат жүргізді.

 

5bGzM8R69OA

HEz6ANiZ Uc

yTN6y60 IXI

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS