«Серпін-2050» жобасы қатысушыларымен кездесу

15-10-42 500x501М.Өтемісов атындағы БҚМУ жастар даму орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» «Серпін-2050» жобасы қатысушыларының 1 курс студенттері үшін кезекті тәрбиелік мәні зор түсіндіру жұмыстары, яғни, университеттің белсенді жастары, қоғамдық бірлестіктердің төраға, төрайымдарымен кездесу болып өтті. Шараның басты мақсаты студенттердің патриоттық сезімін арттыру, талмай еңбек етуге үйрету, қоғамдық бірлестіктер жайында ақпарат беру, белсенді жастардың қатарына 1 курс студенттерін тарту, университеттің және жатақхананың тәртіптері және талаптарымен таныстыру.

Шараға студенттік ректордың міндетін атқарушы Жүсіпқалиев Дулат, Жас экономист ЖҚБ төрағасы Ораш Нұрхат, «Студенттер Кәсіподағы» төрағасы Қабдешев Алмаз, Орал студенттер альянсының БҚМУ көшбасшысы Жасталапов Сырым, Жас Отан ЖҚ БҚМУ көшбасшысы Қаленова Гүлжанат, Достық студенттер клубының төрайымының міндетін атқарушы Ихсанова Зарина, «Жасыл Аймақ» жастар қоғамдық бірлестігі төрайымның орынбасары Жұмағұлова Айдана және «Томирис» қыздар клубының төрайымының міндетін атқарушы Нұрланова Жәмила қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

15-10-40 500x299 15-10-41 500x280 15-10-43 500x290

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS