Қызылордалық серпіндіктермен кездесу

Ақпанның 27-сі күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша Қызылорда облысынан келіп білім алып жатқан студенттердің басын облыс басшылығынан келген: Жаниет Арман "облыстық жастар ресурстық орталығының директоры", Ізбасаров Әлібек "Арал аудандық жастар ресурстық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры", Аxметов Олжас "Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының коммуналдық мекемесінің директоры" қосқан болатын.

Студенттерге серпіліс берген тренинг

Ақпан айының 26-27-28 күндері аралығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың төрт факультетінде, атап айтқанда, "тарих, құқық жəне экономика", "педагогика", "физика-математика", "мəдениет жəне өнер" факультеттерінде үлкен көлемді іс-шаралар өтті. Ол - одан алдыңғы апталарда басталған, биылдан бастап дəстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін студенттерге арналған психологиялық тренинг. Университетіміздің белді педагог-психологтардан құралған топ үш күн қатарынан студенттерге жоғары көңіл-күй сыйлай білді.

Cеминар-тренингтер

Ақпанның 24-і күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" бағдарламасының студенттерінің кезекті апталық жиналысы өтті. Жиналыс "Алғыс айту" мерекесіне орай "Жүректен жүрекке" атты тренинг түрінде өткізілді. Өткен аптада бастау алған студенттер тренингі осы аптада жалғасын тапты. Тренингті Омарова Назерке, Басбаева Жансая, Бушпай Ұлжан жүргізді. Тренинг барысында "Жасырын сөз", "Жұмбақ алмалар", "Сұрақ-жауап", "Мақалды тап", "Бірлік құбыры" секілді сайыс түріндегі ойындар өткізілді.

"Олимп шыңын бағындыр"

Ақпан айының 16-ші жұлдызында "Атамекен" балалар-жасөспірім туризм жəне экология орталығында "Олимп шыңын бағындыр" жобасы аясында студенттер мен жастардың басын қосқан шаңғы жарысы болып өтті. Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан отандастарымызды қолдау мақсатында 80-ге жуық спортшылар қатысты. Оның ішінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері белсене қатысып, жүлделі орындарды иемденді.

"AQJAI'YQ" телеарнасына сұқбат

Ақпан айының 14 жұлдызы қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалап келген М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" бағдарламасы негізінде білім алып жатқан студенттер үшін сəрсенбінің сəтті күні болды. Олай деуіміздің себебі, күн жақсы жаңалықтармен басталды. Дəлірек айтсақ, "AQJAI'YQ" телеарнасының ұжымы студенттердің тыныс тіршілігін білу мақсатында кезекті түсірілімін жүргізді. Онда кішігірім дөңгелек үстел өтіп, аталмыш жобаның бас сардары Өнербаев Ардақ алдағы жоспарларымен бөлісіп, белсенділерге əрі қарай бағыт-бағдар берді. 

"Достық туы мəңгілік" атты семинар-тренинг

16.02.2018 Бүгін университетімізде жаңа құрамды белсенді 1-курс студенттері қатысқан кезекті жиын болды. Бүгінгі жиын бұрынғыдан бөлек. Олай дейтініміз, осы күні алғаш рет достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында "Достық туы мəңгілік" атты семинар-тренинг өтті. 1-курстардың семинар-тренингті ұйымдастырып, жүргізуі - бұл жиынның басты ерекшелігі. Бүгінгі тренингті Аминова Асем, Абатбаева Күнсұлу жəне Нұрмахан Аружан ұйымдастырды. Алдағы апталарда да студенттер əртүрлі бағыттағы жиналыстарды ұйымдастыратын болады.

"Серпін" жастары алға!

Ақпан айының 9 күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" бағдарламасының координаторы Тапаева Жанерке Таулбайқызы 1-курс студенттерімен жиын өткізді. Жиынға аталмыш бағдарламаның бас сардары - Өнербаев Ардақ Асқарұлы қатысты. Өткен аптада хабарлағанымыздай, "Мамандық сардарлары", оған қоса басқа да лауазымдарға сайлау жүргізілді.

Жиынға қатысқан барлық студент өздерін таныстырып, қызығушылығы мен сүйікті істерін айтысты. Нəтижесінде, басым көпшілігі шығармашылыққа, əн мен күйге, əдебиетке жақын екендігі анықталды. Əр лауазым əр студенттің икеміне байланысты берілді.

«Серпін» жастарының жиналысы өтті

2018 жылдың 6 ақпан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде "Мəңгілік ел жастары индустрияға!"-"Серпін-2050" əлеуметтік жобасы негізінде білім алып жатқан 1-курс студенттері мен жоғарғы курстың белсенді студенттерінің басын қосқан жиын өтті. Жиын барысында "Мамандық сардарлары" лауазымына студенттерді тағайындау жайында сөз етілді. Аталмыш сайлау кеше ғана университет табалдырығын аттаған 1-курс студенттеріне мол мүмкіндік əкелетіні сөзсіз. Атап айтқанда, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, кіл жүйріктер арасында жүріп көшбасшылық қабілетті дамыту, көптеген достар табу жəне де ең бастысы - студенттік өмірді тəтті естеліктермен есте қаларлықтай етіп өткізуге ықпал етеді."Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілгелі отырған бұл сайлауда 15 мамандықтың сардарлары тағайындалмақ. Бүгінгі жиынға қатысқан 50-ге жуық студенттердің басым көпшілігі сайлауға қатысуға ниет білдірді.

«Серпіліс» спартакиада

2018 жылы ақпан айының 3 күні   «Мәңгілік ел жастары - индустрияға»  «Серпін – 2050» әлеуметтік жобасы негізінде оқуға түскен студенттердің демалыс күнін ұйымдастыру, студенттер арасында  достық қарым-қатынасты нығайту барысында қысқы спорт түрлерінен «Серпіліс» атты спартакиадасы   университет спорт алаңында өткізілген болатын. Сайысқа 4 команда қатысты. Спартакиада  "Қызыл ту" ойынымен жалғасын тапты. Ойынның басты шарты команданың қарсылас жақта тұрған өзінің туын шекараға өтіп барып алып келу болды. Екі қарсылас команда да қақпада тұрған туды алдырып қоймау үшін түрлі кедергілер келтірді. Нәтижесінде сол кедергілерден мүдірместен өтіп, жалауын көкке көтерген «Достар» тобы команда жеңіске жете білді. Ойын өте қызықты әрі тартымды болды.

Жатақхана кубогі

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1-3 күндері аралығында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің спорт сарайында «Тұңғыш президент» күніне орай студенттер арасында «Жатақхана кубогі» атты спартакиадасы болып өтті. Спартакиадаға №2 жатақхана студенттері қатысты. Сайыс өте тартысты өтті. Әр топ өзінің спорттық киімдерімен ерекшеленді. Қараша айының 30-жұлдызы күні спартакиаданың ашылу салтанаты болды. Әрі қарай шара қыздар арасындағы волейбол турнирімен жалғасын тапты. Алғашқы сайыста өзінің мықтылығын дәлелдеген 4-қабаттың қыздары 1-орынды иеленді. Желтоқсанның алғашқы күнінде де футбол сайысында бақ сынасуға әр қабаттың тарландары барын салды. Нәтижесінде 7-қабаттың жігіттері жеңіске жетті.

Еще статьи...

  1. "АЛАМАН" республикалық фестивалі
  2. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттері туралы ақпарат
  3. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша жүргізілген үгіт-насихат жұмысы
  4. Мы – за процветание родного Казахстана!
  5. Наш вклад в развитие родной страны.
  6. «Студент - жастарының жеңісі, Тәуелсіздіктің 25 жылдығының жемісі» атты кездесу
  7. "Брейн ринг" танымдық-зияткерлік сайысы
  8. Жексенбілік көңіл күй
  9. "АЛАМАН" республикалық фестивалі
  10. "БҚМУ - Серпін жастары"
  11. "СерпінLife" жобасының XIII кезеңі
  12. "СерпінLife" жобасының XII кезеңі
  13. "СерпінLife" жобасының XI кезеңі
  14. "СерпінLife" жобасының X кезеңі
  15. "СерпінLife" жобасының IX кезеңі
  16. «Аламан 2016» күзгі байқауының ІІ күні
  17. «Аламан 2016» күзгі байқауының І күні
  18. «Серпіліс» зияткерлік сайысы
  19. «Қыз еркем кестесімен көркем, Ұл еркем өнерімен көркем»
  20. "СерпінLife" қатысушылары Асан ауылында
  21. "СерпінLife" қатысушылары қойылымдар әлемінде
  22. "СЕРПІНLIFE" ҮШІНШІ КҮН
  23. Көшбасшылар семинары
  24. ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ "СЕРПІНLIFE" ЕКІНШІ КҮН
  25. ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ "СЕРПІНLIFE" БІРІНШІ КҮН
  26. "СерпінLife" жобасы бастау алды
  27. Сенбілік демалыс
  28. Сенбілік күн ерекше көңіл - күймен аталып өтті
  29. Сайлау
  30. Қыздарға серпін берген дәріс
  31. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
  32. Тіл мерекесі
  33. І курс «Серпіндік» студенттерімен кездесу
  34. Қала күні
  35. Қала күніне дайындық сәтінен үзінді
  36. Білім күні
  37. Танылымдық кеш
  38. Батыстың мақтаныштарымен жүздесу
  39. Сенбі күнгі СЕНБІЛІК
  40. Қош келдің Серпін жастары!
  41. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін 2050» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттер, университет ректорының алғыс хатымен марапатталды
  42. «Аламан 2016» фестивалі
  43. Жексенбілік демалыс
  44. Өнерлінің өрісі кең
  45. Серпін жастарымен кездесу
  46. Шынықсаң, шымыр боласың!
  47. Бірлік болмай - тірлік болмас
  48. Студенты программы «Серпін» дали интервью для телепрограммы «Күншуақ»
  49. 21 марта студенты отметили праздник Наурыз
  50. Форум «Біздің қуатымыз бірлікте» с участием Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева
  51. «Жалынды сардар» фестиваля «Аламан 2016»
  52. Акция «Менің таңдауым, менің болашағым»
  53. «Мамандығым-мақтанышым» фестиваля «Аламан – 2016»
  54. «Серпін асқақ ұраным» фестиваля «Аламан 2016»
  55. «Менің мақтан тұтар мекендерім» фестиваля «Аламан 2016»
  56. «Шынықсаң шымыр боларсың» фестиваля «Аламан – 2016»
  57. Студентам, обучающимся по программе «Мәңгілік ел жастары индустрияға» «Серпін 2050», выделен новый офис
  58. ''Серпін 2050'' жобасының білім алушы белсенді студенттерінің қатысуымен семинар өтті.
  59. Семинар на тему: «Serpin - Start – Up»
  60. ''Мәңгілік ел жастары индустрияға'' ''Серпін 2050'' жобасының білім алушы студенттеріне арнайы ''Кұнанбай'' фильмі көрсетілді
  61. «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» тақырыбында облысымыздағы жас мемлекеттік қызметкерлермен студенттердің кездесуі өтті
  62. Студенты, обучающиеся в рамках программы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» «Серпін – 2050» Западно-Казахстанского государственного университета им. М. Утемисова активно провели зимние каникулы
  63. 30 января спортивным клубом «Намыс» Западно-Казахстанской области в честь 25-летия Независимости РК были организованы областные лыжные соревнования.
  64. Ректорский бал
  65. 26 декабря, аким города Алтай Кульгинов зажег главную ёлку города
  66. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға»
  67. «Болашақ»
  68. «Аламан-2015»
  69. «Жалын»
  70. Команда «Жалын» вышла вперед в этом состязании
  71. 25 октября прошел университетский фестиваль «Аламан-2015»
  72. «Серпін»
  73. «Серпін кубогі»
  74. «Посвящение в студенты»
  75. «Серпін болашаққа бағыт»
  76. 12-13 октября в университете прошло «Посвящение в студенты»
  77. В октябре факультет истории, экономики и права организовали дебатный турнир
  78. 10 октября среди участников студенческого строительного отряда прошло соревнование по мини-футболу
  79. «День студентов»
  80. Областной фестиваль «Аламан»
  81. Конкус для обучающихся по программе Серпін -2050
  82. Городская акция «Молодежь за процветающий Казахстан»
  83. Общественный форум «Ырыс алды – ынтымақ»
  84. Встреча студентов с ветераном воины кавалером ордена «Парасат»
  85. Кастинг для студентов творческой деятельности
  86. Для студентов общежитие №1,2 состоялась «ГИТАРА PARTY»
  87. «Серпін-2050» жобасы қатысушыларымен кездесу
  88. Семинар-тренинг «В светлое будущее без наркотиков»
  89. Выборы главного сардара, обучающихся по программе «Серпін»
  90. «Әлеуметтік желінінің ҮЗДІК қолданушысы» онлайн-сайысы
  91. Студентам по программе «Серпін-2050» был показан фильм «ДОРОГА ДОМОЙ»
  92. Экскурсия в областном историко–краеведческом музее
  93. Мероприятие ко Дню города
  94. 1 сентября в ЗКГУ имени М.Утемисова состоялось мероприятие, посвещенное Дню знаний
  95. 29 августа проведено культурно-массовое мероприятие «Серпін - на пути светлого будущего»
  96. Встреча со студентами поступившие на учебу по программе «Серпін»
  97. Встречи со студентами поступившими в ЗКГУ по программе «Серпін-2050»

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS