Абай шығармаларын жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың әдістемелік жүйесі» атты дәстүрлі VIIІ облыстық оқу-әдістемелік семинары өтеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

                         Рух.жан8                             Абай 18              Лого 8       

 

 

 

 

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2019 жылдың 22 қарашасында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай шығармаларын жаңартылған білім беру мазмұны  бойынша оқытудың әдістемелік жүйесі» атты дәстүрлі VIIІ облыстық оқу-әдістемелік семинары өтеді.

Семинар жұмысының негізгі бағыттары:

- қазақ мектептерінде Абай шығармаларын жаңаша оқытудың әдістемелік аспектілері;

- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде Абай шығармаларын оқытудың әдіс-тәсілдері;

- сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудағы Абай шығармаларының тәрбиелік мәні.

Оқу-әдістемелік семинарға филолог мамандар, докторанттар мен магистранттар және ЖОО, колледж, мектеп ұстаздары шақырылады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.      

Баяндама мәтіні және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен жаңартылған білім мазмұнына сай жаңа технологиямен өткізілген сабақ үлгілерін ұсыну мерзімі 2019 жылдың 20 қарашасына дейін.Ұйымдастыру алқасы көрсетілген мерзімнен кешіккен немесе талапқа сай емес материалдарды жинаққа қоспауға құқылы. Мақала мазмұнына автор жауапты. Автор мақалаларды өзі толық редакциялап, грамматикалық және стилистикалық қателер жібермеуі тиіс. Жинақ электронды түрде шығады.

Жіберілген материалдарды қабылдайтын жауапты жұмыс тобының электронды мекен-жайлары: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

материал Times New Roman шрифтімен (12 кегльмен), 1 аралық интервалмен, жол жиегін барлық жағынан 20 мм қалдырып, Word мәтіндік редакторында басылған 3-5 парақ аралығында болуы керек;

ең басында ӘОЖ, 1 интервалдан кейін жол ортасына бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні мен тегі, жұмыс орны, ұйым атауы жазылады, 1 интервалдан кейін мәтін жалғасады;

 сілтеме мәтінде кездесу ретіне сәйкес тік жақшада [1, 15 б.], әдебиеттер тізімі мәтін соңында беріледі  (Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 350 б.; Абрамович Г.  Введение в литературоведение. 6-учебное издание.– М.: Просвещение, 1975. – 352 с.);

 файл автордың тегімен (фамилиясымен) аталады.

Байланыс телефондары: 8 (7112) 51-30-62 (105); 8(701)-850-20-34 Сұлтаниязова Индира Сағындыққызы, 8(701)-261-63-21 Сисенбаева Раушан Жаңабайқызы, 8(705)-814-41-64 Амантайова Ару Амантайқызы

 

Тіркелу үлгісі

 

1.      

Автордың толық аты-жөні, тегі

 

2.      

Баяндама тақырыбы

 

3.      

Секциялық бағыты

 

4.      

Жұмыс орны

 

5.      

Лауазымы

 

6.      

Үй/жұмыс телефондары

 

7.      

Пошталық мекен-жайы, E-mail

 

8.      

Қатысу түрі (іштей/сырттай)

 

9.      

Баяндама жасауға қажетті техникалық құралдар

 

 

 

                                                                                        Ұйымдастыру алқасы

 

 

 

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua