Әбділдә Тәжібаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің университетішілік конкурсының қағидалары

Әбділдә Тәжібаев атындағы көркемсөз оқу

шеберлерінің

 

университетішілік конкурсының қағидалары

 

1.Жалпы ережелер

 

1.Осы Әбділдә Тәжібаев атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің университетішілік конкурсының қағидалары «Бір ел-бір кітап» жалпы ұлттық кітап оқу акциясы аясында «Сырда туған сырбаз ақын», драматург, әдебиеттанушы Ә.Тәжібаевтың туғанына 110 жыл толуына орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленді.

2.Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) Ә.Тәжібаевтың шығармашылығын насихаттау;

2) көркем әдебиетті жаңғыртуды насихаттау;

3) талантты жастарды табу.

3.Конкурс мемлекеттік тілде өткізіледі.

4.Конкурсқа М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлкеттік университетінің студенттері қатыса алады.

 

2.Конкурсты өткізудің тәртібі

 

5. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақ филология кафедрасы және ғылыми кітапханасы Конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады. Конкурс қыркүйек айының 24-жұлдызында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің бас ғимаратында (209-аудитория) өтеді. Ұсыным хат 22-қыркүйекке дейін қабылданады.

6. Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:

6.1 Ә.Тәжібаев шығармаларын жатқа оқу ;

7.Конкурс шарттары:

Қатысушы жатқа оқитын шығарма тізімі алдын ала қазылар алқасына берілуі тиіс;

1) мәтіндерді жатқа оқу;

2) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.

 

3. Қорытынды ережелер

 

8. Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет салаларының зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.

9. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:

1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;

2) дұрыс дыбыстауы;

3) көркем мәтінді таңдау талғамы;

4) сахналық образ және оқу шеберлігі.

10. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.

11. Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде ақпарат университеттің ресми сайтында орналастырылады.

Байланыс телефоны: +7 777 565 32 86

Эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua