М.Өтемісов атындағы БҚМУ факультеттерінің 2014 жылда атқарылған ғылыми зерттеу жұмыстарының есептерін тыңдау және талқылау туралы ақпарат

logo1Факультеттердің ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында М.Өтемісов атындағы БҚМУ факультеттерінің 2014 жылда атқарылған ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша есептерін тыңдау жүргізілуде. Есеп беруді 23 желтоқсан күні жаратылыстану-география факультеті бастады, ал 24 желтоқсан күні ғылыми зерттеу жұмыстарын талқылау филология факультетінде болды. Желтоқсанның 25 күні тарих, экономика және құқық факультеті мен педагогика факультеті ғылыми зерттеу жұмыстары  бойынша есептерін тапсырды.

Жалпы факультетттердің ҒЗЖ есебі мынадай құрылымдардан тұрады:

1.Факультеттердің ғылыми әлеуеті және оның келешегі;

2.Факультеттердегі ғылыми зерттеулер, олардың нәтижелері(2012, 2013, 2014 жылдар бойынша салыстырмалы талдау);

3.Халықаралық қатынастар;

4.Факультеттердің ҒЗЖ жағдайына талдау жасау (SWOT-анализ).

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті факультеттерінің ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысының соңында факультеттердің жыл бойы ғылыми зерттеу жұмыстары бағытында атқарылған жұмыстары талқыланып, әлсіз және жақсы тұстары айтылып алдағы келе жатқан жылда атқарылатын жұмыстары бекітіліп, қаулы қабылданды.

 

Коммерцияландыру офисі

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua