Отчет по семинару «Современные технологии как инструмент управления качеством образования»

                                Отчет по семинару «Современные технологии как инструмент управления качеством образования»

В период  с 13 по 16 января 2020 года в Западно-Казахстанском государственном университете им.М.Утемисова  под руководством проректора по учебно-методической работе Тасмагамбетова А.С. департаментом академической деятельности организована серия четырехдневных обучающих семинаров на тему: «Современные технологии как инструмент управления качеством образования». В работе семинара приняли участие деканы факультетов, заместители деканов по учебной работе, заведующие кафедрами, представители центра повышения квалификации «Орлеу», молодые преподаватели.В рамках обучающего семинара были проведены тренинги, мастер-классы, интерактивные дискуссии.Директор департамента академической деятельностиКайсагалиева Г.С. провела с  молодыми преподавателями интерактивнуюдискуссию об основных нормативно-правовых документах и особенностях академического процесса ЗКГУ им.М.Утемисова.Руководителем проектного офиса образовательных программ Джангазиевой Б.Ж с деканами и их заместителями, заведующими кафедр,  был проведен семинар-тренинг по вопросу проектирования образовательных программ.Руководитель отдела планирования и организации учебного процесса Кажиахметов С.А. провел семинар по основным формам и методам проведения промежуточного и итогового контроля.Ведущими преподавателями университета с целью профессиональной поддержки молодых педагогов и оказания практико-ориентированной, методической помощи по совершенствованию педагогического мастерства были проведены мастер-классы:  Мухамбетова Г.Г.- старший преподаватель кафедры информатики: «Проведение лекционных занятий с использованием интерактивных методов», Садыкова Г.А. - старший преподаватель кафедры экономики и менеджмента: «Методика проведения семинарских занятий с использованием таксономии Блума», Криуля А.С.: – преподаватель кафедры русская филология, магистр – «Проблемы создания и проведения онлайн-курсов и перспективы их развития», Ергалиева А.Т. –кандидат искусствоведения, доцент, кафедра традиционное музыкальное искусств: «Использование передовых педагогических технологийдля освоения музыкального инструмента», Бимагамбетова Г.А. – к.б.н., доцент, кафедра биологии и экологии: «Способы использования стратегий технологии развития критического мышления на уроках», Ходжанова Б.Х. – старший преподаватель, кафедра географии: «Организованный человек- основная сила общества», Хабиева Д.Г. - старший преподаватель, Ерниязова С.Н. - старший преподаватель, кафедра дошкольное и начальное обучение: «Пути эффективной организации самостоятельной работы студентов в вузе». В обучающем семинаре приняла участие старший преподаватель кафедры психолого-педагогического сопровождения образовательного процесса филиала АО НЦПК «Орлеу» ИПКПР по ЗКО Байкатова К.И., которая организовала с преподавателями фасилитированную сессию.

  По итогам обучающих семинаров на тему: «Современные технологии как инструмент управления качеством образования» были приняты следующие рекомендации:

1. профессорско-преподавательскому составу университета внести изменения и дополнения в силлабусы дисциплин;

2) ППС кафедр разработать обучающие онлайн-курсы;

3) В учебном процессе активно внедрять практику использования активных и интерактивных методов обучения студентов.

Сем 3

Сем 2

Сем 5

Сем 4

 

 

Певец Великой степи

                                                                                                 Певец Великой степи

Bib knig 2 В читальном зале №1 Научной библиотеки Западно – Казахстанского государственного университета им.М. Утемисова была организована книжная выставка «Ілияс Есенберлин – қазақ ауыз әдебиетінің білгірі», посвященная 105-летию со дня рождения казахского писателя Ильяса Есенберлина. На выставке представлены труды писателя «Айқас», «Скифтер сағымы», «Қаһар», «Көшпенділер»,»Қара алтын», «Махаббат мейрамы», «Алтын Орда» , «Мұхиттан өткен қайық» и статьи, опубликованные на страницах периодических изданий.Цель выставки-пропаганда творчества писателя. В своей исторической трилогии «Көшпенділер» Ильяс Есенберлин художественно описал стойкую борьбу за независимость казахского народа в ХV-XIX вв., демонстрируя трудности на этом пути, внутренние противоречия, человеческие отношения, их действия и поведение, закаленное единство, традиции, обычаи и сознание в борьбе с врагами.

 

 

Поистину народный поэт

                                                                                                                                      Поистину народный поэт

Bibknig  В читальном зале №1 Научной библиотеки ЗКГУ им.М.Утемисова была представлена выставка «Өлең сөздің зергері - Қадыр ақын» в честь  народного писателя Казахстана, лауреата Государственной премии , Кадыра Мырза Али. На выставке представлены такие книги, как: «Жазмыш»,» Иірім», «Таңдамалы туындыларының көп томдығы», «Ғибратнәмә», «Прапамять»,  «Заманай», «Таңдамалы шығармалар», «Қылыш пен қанжар күндерай», «Мәңгі майдан әулетім-дәулетім», «Еңіреп өткен ерлер- ай», «Соловьиный сад», «Ладони». У Кадыра Мырза Али такие произведения, как  «Белый Отау», «Сад Бюльбюля», «Сон мечты», «Дневник степи», «Домбра», «Красная книга», «Вечный фронт», «Меч и кинжал», «Заман-ай», «На Алмазной земле» и другие сборники казахской поэзии.Кадыр Гинаятович Мырзалиев  — народный писатель Казахстана, поэт, соавтор первого казахстанского гимна. Его авторству принадлежат более 50 поэтических сборников, литературно-критических и детских книг.Многие из его стиховпереведены на  русскийнемецкийанглийскийфранцузскийфинскийлитовскийкиргизскийтатарский и другие языки мира.

 

 

 

Растительный мир

                                                                                                              Растительный мир

ras knig 1 В связи принятием Ассамблеи ООН  резолюции об обьявлений  2020 года - Международным годом  охраны здоровья растений, в  читальном зале №2  Научной библиотеки  была организована  книжная выставка «Мир растений»,   посвященная охране растений.Цель выставки : Повышение осведомленности о том, насколько важна защита растений;  ознакомить с историей растений, дать понятие о значении и разновидностях растений, дать сведения   о лекарственных растениях.На книжной выставке представлены книги о растениях,  в том числе «Өсімдіктер физиологиясы» Атабаева  С. Ж.,  растения занесенные в Красную книгу , Иващенко  А. А. «Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы»,  лечебные растения, учебные пособия по биологии, информация о распространенных растениях в Западно- Казахстанской области, труды преподавателей ЗКГУ Дарбаевой Т.Е.  «Өсімдіктер систематикасы», Петренко А.З. « Зеленая книга Западно – Казахстанской области»  и материалы периодических изданий.

 

 

 

Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр

                                                                               Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр

8 қаңтар күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде университет кәсіподағының ұйымдастыруымен өз шымылдығын түрген  профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасындағы 63-ші «Денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Әуесқой спортшылардың жүлде үшін тартысы қарқынды әрі қызықты болды.6 спорт түрінен ұйымдастырылған сайысқа 9 команда қатысқан болатын. 3 күнге созылған сайыста қатысушылар сын  алаңдарына шығып, жеңіс үшін жан аямай  шеберліктерін көрсетті. Байрақты бәсекеде волейбол ойынынан Физика-математика факультеті, шахмат ойынынан  Ақпараттық технология факультеті, үстел теннисінен  Мәдениет және өнер факультеті, тартысқа толы эстафетадан Мәдениет және өнер факультеті, дойбыдан Физика-математика факультеті, арқан тартыстан Мәдениет және өнер факультеті үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі І орынды иеленді.Жалпы командалық есеп бойынша, Физика-математика факультеті І орынды қанжығасына байласа, Мәдениет және өнер факультеті жарыстың ІІ орынын еншіледі. Ал Әкімшілік бөлімі ІІІ орынға тұрақтады.Сондай-ақ, шара барысында белсенділік танытқан Мерболат Имангалиев, Хамидолла Куставлетов, Сисен Сертеков, Нуржан Нагимов, Тайман Казиев, Азамат Дюсенбаев, Валия Рамазанова, Кеңес Тастаев, Светлана Баюканская, Мухамбет Қадырбаев, Абат Қыдыршаев, Акмарал Айтжановалар үздіктер қатарынан көрініп, шебер ойын өрнегін көрсете білді.Сайысқа қатысушы барлық жеңімпаздар Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, аламан ойын тамаша көңіл-күймен өз мәресіне жетті.

                                                                                                                                                                         Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

 

 

Спорт – денсаулық кепілі

                                                          Спорт – денсаулық кепілі

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында 63-ші «Денсаулық» спартакиадасы басталды.Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің спорт түрлерімен шұғылдануын дағдыландыру, салауатты өмір салтын насихатттау, университет ұжымын бір-бірімен жақынырақ таныстыру мақсатында ұйымдастырылған бәсеке 8-10 қаңтар күндері өтеді.Шараның ашылу салтанатында сөз алған университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Әсет Тасмағамбетов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Владимир Салов, жарыстың бас төрешісі, «Дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі Людмила Демченко қатысушыларға жылы лебіздерін арнап, алдағы ойынға сәттілік тіледі.Айта кетейік, спорттың шахмат, волейбол, дойбы, арқан тарту, үстел теннисі, эстафета сынды  6 түрінен ұйымдастырылған сайысқа 9 команда қатысып, бақтары мен баптарын сынамақ.3 күнге созылатын спорт сайыстарының қорытындысы бойынша «жүзден –жүйрік, мыңнан – тұлпар» шыққан командалар мен жекелей қатысушылар университет ректорының Алғыс хатымен марапатталатын болады.

                                                                                                                                                   Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

 

Ғылыми жобаның презентациясы өтті

                                                                          Ғылыми жобаның презентациясы өтті

Ханшайым киім 7 Бүгін Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Батыс Қазақстан облысының «Тақсай-1» қорғанынан табылған «Алтын ханшайымның» тарихи костюмін  қайта өңдеу» атты ғылыми жобаның презентациясы өтті. Оған арнайы шақырылған қонақтар мен  профессор-оқытушылар құрамы, студенттер қауымы қатысты. Жобаның мақсаты - БҚО «Тақсай-1» қорғанынан табылған  «Алтын ханшайым» тарихи костюмін археологиялық мәліметтерге сүйене отырып қайта өңдеу.«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облыстық тарих және экология орталығы 2012 жылы қазба жұмыстарын жүргізген кезде Теректі ауданы Долинный ауылы маңында орналасқан «Тақсай» кешенінен қорған табылған болатын. «Алтын ханшайым» болып аталған, ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек әйел адамның қабірінен көптеген алтын бұйымдар табылып, оның жалпы салмағы 3 келіге жуықтаған. Алтын бұйымдармен бірге қола айна, тұмарлардың табылуы – оның сарматтың абыз әйелі екендігін танытады.Шара хореография мамандығы студенттерінің «Киіз өрнектері» биімен ашылды. Одан әрі кештің алғы сөзін алған университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қажымұрат Ахмеденов шараға қатысушыларға ғылыми жобаның мақсаты мен міндетін айтып берді. Ал, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сдыков Мұрат Наурызғалиұлы мен аталмыш жобаның Ханшайым киім 4ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Кайнбаева Жәмила Советқызы:-«Алтын ханшайым» костюмін қайта өңдеудің алғашқы жұмыстарын  белгілі қайта өңдеуші Крым Алтынбеков пен «Остров Крым» ғылыми өңдеу зертханасының мамандары жүргізіп, «Тақсай-1» қорғанының №6 кешенінен табылған материалдар негізінде әйел адамның көркем бейнесін  жасаған. Алайда аталған тарихи костюмнің бейнесін толық аяқталды деп есептеуге болмайды. Материалдар, түстер үйлесімділігі, «Алтын ханшайым» костюмінің көйлегі, шекпені, бас киімінің құрылымдық бөліктерінің элементтері жөнінде даулы мәселелер туындады. Ғылыми жоба құрылымдық түрі мен сол кездегі костюм мен киім жөніндегі тарихи мәліметтерді ескере отырып, БҚО Ханшайым киім 2 «Тақсай-1» қорғанынан табылған  «Алтын ханшайым» костюміне баламалы қайта өңдеу жасауға арналған, - деп жұмыстың орындалу барысымен таныстырып өтті.Көптен күткен сәт те жетіп, «Алтын ханшайымның» тарихи киімінің алътернативті қайта жаңғыруын зерттеу тобының мүшелері, аға оқытушы, магистр Нұрдәулет Асқарұлы мен аға оқытушы, өнер магистрі  Юлия Вячеславовна ашып, көрсетті. Көрсетілімнен соң жиылғандар зерттеу тобының мүшелеріне бірнеше сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.Кеш «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының 2-курс студенті Қайрат Байғұттының орындауындағы Дәулеткерейдің «Көрөғлы» күйімен өз мәресіне жетті.

                                                                                                                   Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

Аңыз тұлғаға құрмет

Аңыз тұлғаға құрмет

АНЫЗ ТУЛГАГА КУРМЕТ 1 Биыл көрнекті жазушы, белгілі қаламгер, әдебиет алыбы Әбіш Кекілбайұлының туғанына - 80 жыл. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің қазынасы. Халқымыздың ғана емес, әлем жазушысына айналған ол артына өшпес мол мұра қалдырған. Бүгін абыз ақынның құрметіне орай Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Әбіштің аңыз әлемі» атты жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында қалалық шығармашылық байқаудың қорытынды кеші өтті. Байқау жазушының шығармашылық тұлғасын насихаттау, студенттер мен жастардың ой-танымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  ұйымдастырылды.Аты алашқа мәлім Әбіш Кекілбайұлына арналған бәйге 3 бағыт бойынша өткізілген болатын. Студент жастар байқауда эссе, мақала жанрлары мен бейнеролик дайындау арқылы өзара сынға түсті.Кештің шымылдығын түріп, құттықтау сөз сөйлеген Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Роза Оңғарбайқызы «Жастар жылына» орай көптеген байқаулар ұйымдастырылғанын, Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған осы шара жыл қорытындысы екендігін айта келе, сайысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен М.Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымына алғысын білдірді.Сайысқа қатысушылардың шығармаларын Батыс Қазақстан аныз тулгага курмет 15 инновациялық-технологиялық университетінің доценті Ажғалиев Марат Қайыржанұлы, «Ақжайық» телеарнасының режиссері Ермекқалиева Назгүл Асылбекқызы, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Зайнуллина Роза Оңғарбайқызы сынды сарапшылар бағалады. Қазылар алқасының шешімімен «Үздік эссе» номинациясы бойынша Арман Ғабдықұл жүлделі І орынды, Қазына Эсетова ІІ орынды, Сәттігүл Төлеген ІІІ орынды иемденді. Ал Зафура Мамут, Азамат Бақи, Қазына Файзуллиналар алғыс хатпен марапатталды. «Үздік шығармашылық бейнеролик» аталымы бойынша Ермахан Амангелді І орынды қанжығасына байласа, Қайырбек  Кенжалиев ІІ орынға ие болып, Әсемгүл Метенова ІІІ орынға тұрақтады. «Үздік мақала» жанры бойынша Жадыра Құлтай І орынды еншілесе, Бағдат Оразхан ІІ орынды, Айгерім Батырғалиева ІІІ орынды иеленді. Байқауда белсенділік танытқан Сауат Берікқалиға алғыс хат табыс етілді.Кеш барысында қалалық деңгейде ғана емес, облыстық, республикалық байқауларда топ жарып жүрген филология факультетінің студенттері Зафура Мамут Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романынан үзінді оқыса, Нұрсұлтан Бақтыбай, Жадыра Құлтай, Дәулет Қуанышбайұлы аңыз адамның сыршыл лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал жас ақындар Азамат Бақи мен Еркеназ Қалижан өз шығармашылығынан жыр арнады. Кеш Еркеназ Қалижанның «Әбіш – Абыз – Аңыз» атты Әбішке арнау өлеңімен қорытындыланды.

аныз тулгага курмет 17

аныз тулгага курмет 9

 

 

 

 

 

 

 
Әбіш – Абыз – Аңыз
(Әбішке арнау)

Арда Әбіш
Сөз саумалын ағытса асыл, тұнық,
Көңілдерге сиқырлы саз ынтығып.
Жан-жүйені сілкінтер құдды анау
Көк аспанды кеткендей жасын тіліп.

Саф тыйылып жамағат жамырасқан,
Талпына тыңдап кешке таңы ұласқан.
Шет қалмаққа шыдамай шындығынан
Бусанатын шағылдар шаңы басқан.

Шағаланың басылып шарқ ұрғаны,
Табиғатты шіркін, сөз таң қылғаны.
Төлім деп тебірене тербелетін
Қарт Каспийдің тентектеу толқындары.

Бір арманға жеткендей аңсап бәрі,
Таңдай ұрып төбеден тау шатқалы.
Маңғаздана қарайтын маңайына
Кім екен деп күн сүйген саусақтарын.

Алардай күмбірлеген күй алапты,
Талайға рух солай ұялатты.
Тебініп тұратын сөз-құдіретке
Тұсауға ерік бермей тұяғы аттың.

...Текті солай толғайтын дара шығып,
Жақсылыққа тұрғандай жаны асығып.
Ал, бүгін ойсыраған Отпантауда
Қарт інгеннің боздайды қарашығы.

Болатын нар қазақтың бағы нағыз,
Кетті бір Темірқазық тағы да алыс.
Өнеге-өмір, өнері – бәрі де аңыз,
Жоқ, өлмеді, тірі әлі Абыз Әбіш!


Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

Борьба с коррупцией – наш общий долг

                                                                                              Борьба с коррупцией – наш общий долг

 В ЗКГУ им. М.Утемисова состоялось открытое заседение Совета по Добропорядочности, в котором приняли участиеруководство вуза, деканы, преподаватели факультетов и студенты.Ректор Нурлан Сергалиев вкратце остановился на основных направлениях работы Совета и ознакомил членов Совета с повесткой. В выступлении проректора по учебно-методической работе Асета Тасмагамбетов по «Совершенствованию процедур контроля знаний в ЗКГУ им. М.Утемисова, в контексте принципов академической честности» было отмечено, что в университете ведется планомерная, комплексная работа,увеличилось количество мероприятий по антикоррупционной деятельности  и профилактике правонарушений. В университете активно действует антикоррупционная пропаганда, совершенствуется система антиплагита. Аудитории оснащены видеонаблюдением, благодаря которому отслеживается сдача экзаменов во время сессии, с 2018 года функционирует Центр обслуживания студентов (ЦОС)», постоянно проводятся акции «Чистая сессия», «Как живешь, студент?» и др.Председатель комиссии, проректор по НРиМС Ахмеденов К.М. подчеркнул что, в ЗКГУ была создана антикоррупционная наблюдательная комиссия. Работа комиссии направлена на ликвидацию условий, порождающих и провоцирующих коррупцию, на предотвращение случаев коррупции во время сессии, а также - на формирование антикоррупционного общественного сознания, нетерпимого отношения к коррупционным действиям. Руководитель Центра социологических исследований Добряев П.А. ознакомил с результатами социологического мониторинга коррупционных рисков в ЗКГУ.В завершении мероприятия был продемонстрирован видео-ролик о внедрении принципов Добропорядочности в ЗКГУ им. М.Утемисова, а также обсуждались дальнейшие шаги по совершенствованию антикоррупционной политики университета.

 

                                                                               Дандыкулова Алтыншаш

 

Городской семинар: «Паллиативная помощь: психолого-социальные медицинские аспекты»

Городской семинар: «Паллиативная помощь: психолого-социальные медицинские аспекты»

25 декабря 2019 года проходил семинар с элементами тренинга «Паллиативная помощь: психолого-социальные медицинские аспекты», в рамках проекта «Разработка адаптивных и авторских методик по диагностике и коррекционно-профилактической паллиативной помощи». Руководитель данного проекта - д.и.н., доцент Адельбаева Н.А., соруководитель- заведующий кафедрой педагогики и психологии, старший преподаватель Кулдашева Н.У., члены проекта: магистр педагогики и психологии, старший преподаватель кафедры дошкольного и начального образования Федорченко Л.А., а также младшие сотрудники, магистранты 2 курса образовательной программы «Психология» Гизатова А.С. и Орынгалиева Д.Н.В семинаре приняли активное участие сотрудники управления здравоохранения ЗКО, психологи и медработники поликлиник города Уральска, профессорско-преподавательский состав кафедры педагогики и психологии, а также магистранты.Семинар начался со приветственных слов проректора по научной работе и международным связям ЗКГУ им. М. Утемисова, к.г.н., ассоциированным профессором Ахмеденова К. М.В ходе семинара выступили со своими докладами: к.п.н., д.и.н., доцент Адельбаева Н.А. на тему «О совершенствовании работы по паллиативной помощи»; декан педагогического факультета, к.п.н., доцент Габдрахманова Ш.Т. - «Деятельность психолога в профилактике эмоционального выгорания»; психолог № 5 городской поликлиники города Уральск Кабесова - «Особенности работы психолога и социального работника в выездной службе паллиативной помощи» и магистр педагогики и психологии, старший преподаватель кафедры дошкольного и начального образования Федорченко Л.А. - «Роль психолога в системе паллиативной помощи». В семинаре применялся тренинг: «Развитие коммуникативных способностей», который способствовал профилактике эмоционального выгорания сотрудников здравоохранения.Семинар завершился дискуссией и подведением итогов.

Еще статьи...

  1. Рухани жаңғыру – ертеңіміздің кепілі
  2. «IQ MAKHAMBET» өз мәресіне жетті
  3. ЖИТС-ке қарсы бәріміз бірге
  4. «Ақиқат» өз бигінде
  5. Үздіктер қатарында
  6. Тәуелсіздік күні тойланды
  7. Молодежь life
  8. В университете имени М. Утемисова прошел конкурс «БҚМУ жұлдызы - 2019»
  9. Махамбет университеті үздіктерін анықтады
  10. Независимость - священная ценность для всех казахстанцев
  11. «Үздік студент – 2019»
  12. Приятная новости
  13. Үздік магистрант
  14. Әріптес жетістігі
  15. Тарихтан сыр шертті
  16. Интеллектуалды ойын оздырылды
  17. Ақжайық айтысының анасы
  18. «Эрудит» зияткерлік сайысы
  19. Республикалық пікірсайыс турнирі өтті
  20. Спасти Шалкар!
  21. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ
  22. БҚМУ-дың жалынды жастары
  23. Эстафеталық ойын жарысы
  24. Адамзаттың Абайы
  25. Дипломант атанды
  26. Лекции профессора
  27. Заңға енген өзгерістер түсіндірілді
  28. «История и структура зоологического музея.Животный мир ЗКО и виды, занесенные в Красную книгу РК»
  29. Круглый стол на тему «Место зоологического музея в воспитании экологически грамотной и культурной личности»
  30. Кітапхана – ұлттық тәрбиенің қайнар көзі
  31. «Научное наследие профессора В. В. Иванова»
  32. Обучающий семинар для сетевых преподавателей ЗКГУ им. М. Утемисова «Создание мультимедиа для электронного учебного курса»
  33. Алтын Орда – ежелгі өркениет естелігі
  34. Жас ғалымдар конференциясы
  35. В бескорыстном служении людям
  36. Абайды тану – қазақты тану
  37. IQ Makhambet
  38. Интеллектуалды ойын өтті
  39. Поэзия – властитель языка
  40. С Днем финансиста!
  41. Студенческая жизнь
  42. Танымдық кеш
  43. Оқулық таныстырылды
  44. Тарихи мекенге сапар
  45. Ғылыми кеңесте
  46. Абай шығармашылығы насихатталды
  47. Шығармашылығымен танысты
  48. Интеллектуалды ойын өтті
  49. Развивая партнерские отношения
  50. «Жатақхана» комедиясы сахналанды
  51. Встреча с творческим человеком
  52. Семинар кураторов в ЗКГУ
  53. «Әбіш – Абыз! Ақырғы аңыз»
  54. Сакен Сейфуллин– неиссякаемый источник поэзии.
  55. «Жас Өркен» бағдарламасының презинтациясы
  56. «Жас Өркен» - твоя уникальная возможность построить успешную карьеру
  57. Абай әлеміне саяхат
  58. Әсем әуен әуелеген
  59. Білім – болашақтың кілті
  60. Еркін форматта өткен кездесу кеші
  61. Низкий Вам поклон… Сегодня ЗКГУ им.М.Утемисова прощается со своим старейшим ветераном - Букаткина Павла Романовича.
  62. Встреча с поэтессой
  63. Шын таланттар бас қосқан күн
  64. Таланттар бас қосқан күн
  65. Религиозная грамотность - требование времени
  66. «Партнерство библиотек вузов: новые формы сотрудничества»
  67. Жемқорлыққа қарсы жиын өтті
  68. БҚМУ жастары – жеңімпаз!
  69. Студенческого полку прибыло
  70. Расширенное заседание Научно-экспертного совета АНК
  71. Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі
  72. Рухани жаңғыру: студенттерді ұлттық құндылықтарға баулу ісі
  73. Чемпион Ерасыл
  74. Состоялось открытие областного семинар-тренинга на тему «Теория и технологии инклюзивного образования в высших учебных заведениях»
  75. Вице-министр МОН РК посетила ЗКГУ
  76. Жастарды адалдыққа шақырды
  77. ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫН ТҮСІНДІРДІ
  78. Хорошая библиотека есть книжное отражение Вселенной
  79. Ветераны ЗКГУ – в строю!
  80. Послание Президента – в центре внимания студентов
  81. МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
  82. Жұлдыз шашқан жырлар
  83. Ұстазым бар сенің қасиетің
  84. «Жоғары оқу орындар педагогтары» номинациясы бағыты бойынша халықаралық дәрежеде ГРАН-ПРИ иеленді
  85. Монографиялық еңбек таныстырылды
  86. Қала әкімі БҚМУ-да
  87. "Абай оқулары" байқауы өтті
  88. «Үздік ғылым кандидаты-2019» атты төсбелгімен марапатталды.
  89. «Жоғары оқу орындар педагогтары» номинациясы бағыты бойынша халықаралық дәрежеде 1 орынды иеленді.
  90. Жастарды жігерлендірген жүздесу
  91. Өнермен өрілген өмір
  92. Тренд - Создавай Себя Сам!
  93. Встреча студентов с представителями компаний-работадателей
  94. Салт-дәстүр – ұлттық тәрбиенің негізі
  95. Интеллектуалды сайыс
  96. Язык – сокровище народа, духовный арсенал
  97. 13.09.2019Послание Президента – новый этап демократического развития Казахстана
  98. Ұлағатты ұстаз мерейлі жаста
  99. 2 сентября в ЗКГУ им.М.Утемисова состоялось коллективное прослушивание Послания Президента народу Казахстана «Конструктивный общественный диалог-основа стабильности и процветания Казахстана»
  100. Торжественная линейка в честь Дня знаний в ЗКГУ

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua