«Ұлы Абай мұрасы – өскелең ұрпақты рухани жаңғыртушы әлеует»

«Ұлы Абай мұрасы – өскелең ұрпақты рухани жаңғыртушы әлеует»

Осындай тақырыпта М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Университетіміздің филология факультеті қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция онлайн форматта өткізілді.

Конференция Ұлы Абай мұрасының руханиятымыздағы құндылығы, бүгінгі ұрпақтың тәлім-тәрбиесіндегі маңызы, ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі, абайтанудағы жаңаша ғылыми зерттеулердің өзектілігі, сондай-ақ жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Абай шығармашылығын оқытудағы жаңашыл ізденістер бойынша өзара тәжірибе алмасу мен проблемалардың шешу жолдарын табуға  әдістемелік көмек беру мақсаттарын көздеді.

Конференция жұмысына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалым-ұстаздары, БҚО білім басқармасы, БҚО тілдерді дамыту басқармасы, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және өзге де білім беру ұйымдарының өкілдері, жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттары қатысып, онлайн форматта пленарлық мәжілісті жүзге тарта қатысушы тыңдады.

Конференцияға Түркия елінің Анкара қаласынан арнайы қосылған  ғалым, жазушы, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы  Якуб Омероглы Түркі өркениетіндегі Абайдың феномендік тұлғасына тоқталып, тек қазақ жұрты үшін ғана емес, Абайдың әлемдік рухани өркениеттік тұлғаға айналғанын атап өтті.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Абайтану бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Серікқазы Қорабай «Абай – ренессанстық тұлға» тақырыбында, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр «Абай поэзиясының орта түркілік әдебиетпен сабақтастығы» тақырыбында, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу институтының директоры,  п.ғ.д., профессор Абат  Қыдыршаев «Абай мұрасы – рухани кемелдік өзегі» тақырыбында, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Жангелді Шайекенов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа...» тақырыбында, М.Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Р.Б. Сұлтанғалиева «Терең ойдың темірқазығы – дана Абайда (Абай іліміндегі ізгілік феномені)» тақырыбында баяндама жасаса, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің эксперт-мұғалімі Жансауле Мақсотова жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Абай шығармашылығын оқытудағы жаңашыл ізденістер бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, Абай шығармаларын оқылым  стратегиялары арқылы меңгерту жолдарын көрсетуге арналған сабақ үлгісін көрсетті.

Конференция модераторы, PhD доктор Айдарбек Ақболатов қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар бойынша пікір алмасуға кезек беріп, конференцияны қорытындылап, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Филология факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua