Ғылыми апталық аясында «Бөлме өсімдіктерінің өсуі мен дамуына биологиялық стимулятордың әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ғылыми апталық аясында «Бөлме өсімдіктерінің өсуі мен дамуына биологиялық стимулятордың әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның ғылыми қызметкерлері күніне орай 16 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану-география факультетінің ұйымдастыруымен «Бөлме өсімдіктерін өсіру мен дамуына биологиялық стимулятор ретінде әсер ету» тақырыбында дөңгелек үстел «ZOOM» бағдарламасын пайдаланып, онлайн өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына «Биология» білім бағдарламасының студенттері мен факультеттің профессор-оқытушы құрамы белсене қатынасты. Дөңгелек үстел модераторы, факультет деканы А.А.Тургумбаев алғы сөзбен бастап, дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тіледі. Жұмыс барысында биология және экология кафедрасының аға оқытушысы Ж.С.Кажмуратова бөлме өсімдіктерін биологиялық жолмен күтіп-бағу бағытында сөз қозғаса, «Биология» білім бағдарламасының 1-курс студенттері А.Асқарова «Замиякулькас өсімдігінің күтімі», А.Гатау «Слатифуллум өсімдігінің биологиялық сипаттамасы мен күту ерекшелігі» және 2 курс студенті Г.Смағұлова «Өсімдіктерді көбейтуде фитогормондарды қолдану» тақырыбында  баяндамаларын жасады. Дөңгелек үстел соңында сұрақтар қойылып, «Қазақстан-Орал» телеарнасында осы бағыттағы тақырып бойынша жасалған Ж.Кажмуратованың бейнебаяны көрсетілді.

Жаратылыстану-география факультетінің деканаты

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua