Туған өлке тарихын түгендеген жас ғалым

 

Туған өлке тарихын түгендеген жас ғалым

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Отандық тарих ғылымына, соның ішінде өлкетану ісіне өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар тарихшы ғалымдар бар. Солардың бірі – «Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ғиззатов Саялбек Махамбетұлы. Жас ғалым күні бүгінге дейін 2 монография және 30-дан астам ғылыми мақалаларын жариялап үлгерді.

 Автордың 2019 жылы жарық көрген 400 беттен тұратын «Жаңабұлақ тарихы» монографиясы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ  ауылының ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын зерттеуге бағытталған. Бұл туынды өлке тарихына қатысты бұрын-соңды белгісіз болып келген тың дүниелерге бай және Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында көрсетілген «Туған жер», «100 жаңа есім» бағдарламаларындағы мақсат-міндеттерге толықтай сәйкес келеді.

Туған ауылына қатысты тың деректерді жинақтау мақсатында автор Ресей мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы (Мәскеу), Ресей Ғылым академиясы мұрағатының Петербург филиалы (Санкт-Петербург), Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты (Мәскеу), Ресей Федерациясының Астрахань облыстық мемлекеттік мұрағаты (Астрахань), Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты (Орынбор), Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты (Алматы), Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты (Орал), Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мемлекеттік мұрағатында (Чапаев), яғни барлығы 8 мұрағатта ізденіс жұмыстарын жүргізді.

Тарих ғылымдарының кандидаты Гиззатов Саялбек Махамбетұлы «Жаңабұлақ тарихы» монографиясының тұсаукесерін 2019 жылдың 27 шілдесі күні өз туған жері Жаңабұлақ ауылында өткізсе, осы жылдың 27 қыркүйегі күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облысымыздың тарихшы ғалымдары, өлкетанушылары, студенттері және жалпы оқырман қауымы үшін арнайы таныстырылымын өткізді.

Монография авторы әркімнің шама-шарқы келгенше өз туған жерін зерттеуі өлкетану саласына, түптеп келгенде Отандық тарих ғылымына үлкен үлес болады деп санайды. Сондықтан жастарды уақыттарын текке өткізбей ел үшін адал қызмет етуге шақырады.

 

Ғылым бөлімі,

Жас ғалымдар кеңесі

gizat-0

gizat-0

gizat-0

gizat-0

gizat-0

gizat-0

gizat-0

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua