Жемқорлық – індет, жою - міндет

Жемқорлық – індет, жою - міндет

Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – ол сыбайлас жемқорлық. Осыған орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстық ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшелерінің ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттеріне дәріс оқылды. Шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті белгілеу, жемқорлық құбылыстарына қарсы тұруға тәрбиелеу.Шараға облыстық ақпараттық үгіт-насихат штабының жетекшісі Нұрғали Қаршығаұлы, ардагер ұстаз Өтебай Құспанұлы, самбодан әлем чемпионы, университет түлегі Нұрбол Нәсіпкерейұлы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы бас маманы Ринат Ғаниматұлы қатысты.Шара барысында спикерлер қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою маңыздылықтарын түсіндіріп, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Ұстаздар мен студенттердің мәдени корпоративтік, студенттің ар-намыс кодекстерімен таныстырып, көкейтесті сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, қатысушылар сыбайлас жемқорлық саласындағы мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, барлығын осы бағытта белсенді ұстаным ұстауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жоғары деңгейде көтеруге ат салысуға шақырды.Штаб жетекшісі Нұрғали Қаршығаұлы жемқорлыққа қарсы күресу үшін өсіп келе жатқан жас ұрпақтың, халықтың идеологиясын, ойлауын өзгертіп, студенттерге жоғары деңгейде білім мен тәрбие беріп, жоғары кәсіби білімі бар, бәсекеге қабілетті мамандардың жан-жақты дамуы керектігін айтып, қорытындылады.
                                                                                                                                                                     Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua