Аңыз тұлғаға құрмет

Аңыз тұлғаға құрмет

АНЫЗ ТУЛГАГА КУРМЕТ 1 Биыл көрнекті жазушы, белгілі қаламгер, әдебиет алыбы Әбіш Кекілбайұлының туғанына - 80 жыл. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің қазынасы. Халқымыздың ғана емес, әлем жазушысына айналған ол артына өшпес мол мұра қалдырған. Бүгін абыз ақынның құрметіне орай Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Әбіштің аңыз әлемі» атты жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері арасында қалалық шығармашылық байқаудың қорытынды кеші өтті. Байқау жазушының шығармашылық тұлғасын насихаттау, студенттер мен жастардың ой-танымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  ұйымдастырылды.Аты алашқа мәлім Әбіш Кекілбайұлына арналған бәйге 3 бағыт бойынша өткізілген болатын. Студент жастар байқауда эссе, мақала жанрлары мен бейнеролик дайындау арқылы өзара сынға түсті.Кештің шымылдығын түріп, құттықтау сөз сөйлеген Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Роза Оңғарбайқызы «Жастар жылына» орай көптеген байқаулар ұйымдастырылғанын, Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған осы шара жыл қорытындысы екендігін айта келе, сайысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен М.Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымына алғысын білдірді.Сайысқа қатысушылардың шығармаларын Батыс Қазақстан аныз тулгага курмет 15 инновациялық-технологиялық университетінің доценті Ажғалиев Марат Қайыржанұлы, «Ақжайық» телеарнасының режиссері Ермекқалиева Назгүл Асылбекқызы, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Зайнуллина Роза Оңғарбайқызы сынды сарапшылар бағалады. Қазылар алқасының шешімімен «Үздік эссе» номинациясы бойынша Арман Ғабдықұл жүлделі І орынды, Қазына Эсетова ІІ орынды, Сәттігүл Төлеген ІІІ орынды иемденді. Ал Зафура Мамут, Азамат Бақи, Қазына Файзуллиналар алғыс хатпен марапатталды. «Үздік шығармашылық бейнеролик» аталымы бойынша Ермахан Амангелді І орынды қанжығасына байласа, Қайырбек  Кенжалиев ІІ орынға ие болып, Әсемгүл Метенова ІІІ орынға тұрақтады. «Үздік мақала» жанры бойынша Жадыра Құлтай І орынды еншілесе, Бағдат Оразхан ІІ орынды, Айгерім Батырғалиева ІІІ орынды иеленді. Байқауда белсенділік танытқан Сауат Берікқалиға алғыс хат табыс етілді.Кеш барысында қалалық деңгейде ғана емес, облыстық, республикалық байқауларда топ жарып жүрген филология факультетінің студенттері Зафура Мамут Әбіш Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" романынан үзінді оқыса, Нұрсұлтан Бақтыбай, Жадыра Құлтай, Дәулет Қуанышбайұлы аңыз адамның сыршыл лирикалық өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал жас ақындар Азамат Бақи мен Еркеназ Қалижан өз шығармашылығынан жыр арнады. Кеш Еркеназ Қалижанның «Әбіш – Абыз – Аңыз» атты Әбішке арнау өлеңімен қорытындыланды.

аныз тулгага курмет 17

аныз тулгага курмет 9

 

 

 

 

 

 

 
Әбіш – Абыз – Аңыз
(Әбішке арнау)

Арда Әбіш
Сөз саумалын ағытса асыл, тұнық,
Көңілдерге сиқырлы саз ынтығып.
Жан-жүйені сілкінтер құдды анау
Көк аспанды кеткендей жасын тіліп.

Саф тыйылып жамағат жамырасқан,
Талпына тыңдап кешке таңы ұласқан.
Шет қалмаққа шыдамай шындығынан
Бусанатын шағылдар шаңы басқан.

Шағаланың басылып шарқ ұрғаны,
Табиғатты шіркін, сөз таң қылғаны.
Төлім деп тебірене тербелетін
Қарт Каспийдің тентектеу толқындары.

Бір арманға жеткендей аңсап бәрі,
Таңдай ұрып төбеден тау шатқалы.
Маңғаздана қарайтын маңайына
Кім екен деп күн сүйген саусақтарын.

Алардай күмбірлеген күй алапты,
Талайға рух солай ұялатты.
Тебініп тұратын сөз-құдіретке
Тұсауға ерік бермей тұяғы аттың.

...Текті солай толғайтын дара шығып,
Жақсылыққа тұрғандай жаны асығып.
Ал, бүгін ойсыраған Отпантауда
Қарт інгеннің боздайды қарашығы.

Болатын нар қазақтың бағы нағыз,
Кетті бір Темірқазық тағы да алыс.
Өнеге-өмір, өнері – бәрі де аңыз,
Жоқ, өлмеді, тірі әлі Абыз Әбіш!


Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

Сауалнама - Анкета

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua