Адамзаттың Абайы

                                                                                         Адамзаттың Абайы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Тарих, экономика және құқық факультеті Экономика және менеджмент кафедрасының оқытушылары З.Ю.Янтурсина мен Ж.С.Саматованың ұйымдастыруымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Абай–дана, Абай–дара" атты танымдық кеш өтті.Танымдық кеште 1, 2-курс студенттерінен құралған 4 команда бақтарын сынады. Командалар "Ұяшықтар", "Жылдар сөйлейді" , "Иә/Жоқ", "Абай шығармаларынан өлең оқу" сынды 4 кезеңде өз білімдерін сарапқа салды.Сонымен қатар, танымдық кеште қатарымызға биыл ғана қосылған 1-курс студенттері өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.Сайыс нәтижесі бойынша 1-орын "Сөз жауһары" командасына, 2-орын "Дарабоз" командасына, 3-орын "Өр рухтың өрендері" командасына бұйырды. Ал "Жалын" командасы алғыс хатпен марапатталды.

адамзаттың Абайы 1

адамзаттың Абайы 3

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua