Заңға енген өзгерістер түсіндірілді

                                                                                                 Заңға енген өзгерістер түсіндірілді

заңға енген өзгерістер түсіндірілді М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы студенттеріне "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі" тақырыбында кездесу өткізілді. Дәрісті ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасының аға прокуроры Евгения Евгеньевна Щукина жүргізді. Дәріс барысында жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын беру, тіркеу және оларды қарау тәртібі, сондай-ақ заңға енгізілген өзгерістер туралы тереңірек айтылды. Лектор қазіргі кездегі мемлекеттік органға жүгінуде электрондық форматтың кеңінен қолданысқа енгізілгенін және оның қалай қолданылатындығын көрсетіп, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.


                                                                                        
А.К.Есенгазиева,
                                                                                                                                         Құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы


ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua