Танымдық кеш

Танымдық кеш

Кушаев 1 30 қазан күні М.Өтемісов атындағы Тарих, экономика және құқық факультетінде «Г.А.Кушаев оқулары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастырушылар – ҚР тарих кафедрасы және тарих мамандығының 4-курс студенті  Сабина Аскарқызы. Модератор – ҚР тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Альфия Сабыргалиевна.Дөңгелек үстелде алғаш болып тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Наурызғалиұлы сөз сөйледі. Ол «Основные достижения современной археологии Западного Казахстана» атты баяндамасында Орал қаласы маңынан табылған Жайық қалашығында жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесін баян етті. Келесі болып тарих мамандығының 3-курс студенті Бекболат Нығметжанов «Ғалым, археолог Г.А.Кушаевтың ғылыми мұрасы»  атты тақырыпта өз баяндамасын жұрт назарына ұсынды.  Профессордың Батыс Қазақстан облысының ескерткіштерін зерттеуге қосқан үлесін атап көрсетіп, «Этюды Древней Истории степного приуралья» еңбегіне Кушаев 2талдау жасады. Италияның  Неаполь университетінің докторы Аннамария Феделе «Археологические достопримечательности Италии» баяндамасында өзі археологиялық қазба жүргізіп тапқан Италиядағы тарихи орындар, әшекей – бұйымдар, құнды заттар туралы баяндап, суреттерін көрсетті. Европа мен Орта Азиядағы ежелгі тайпалар, олардың салт – дәстүрін, қару жарақтарын, археологиялық олжаларын салыстырды.  А.Феделеден кейін өз баяндамасын археолог, БҚО тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері  Яна Амангелдіқызы оқыды. Яна Амангелдіқызы ежелгі сармат мәдениетінің Батыс Қазақстандағы қорымдарын зерттеу жайында өте құнды мәліметтер айтып, 2019 жылдың жаз айларында Жайық қалашығында жүргізген қазба жұмыстарының қорытындыларын көрсетті. Өз кезегінде тарих магистры, ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Ерлан Ерсайнович «Археология каменного века ЗКО» атты баяндамасында БҚО-дағы тас ғасырына тиесілі тұрақ, табылған археологиялық заттай деректер, обалар, қорымдар туралы қызықты мәліметтер келтірді. Баяндаманы тарих мамандығының 2-курс студенті  Алия Мәлікқызы аяқтап, өзі қатысқан 2019 жылғы қазба жұмыстарынан алған әсерімен, көрген-білгенімен бөлісті.Кеш соңында арнайы шықыртулы қонақ М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры, б.ғ.к. Қажмұрат Мақсотұлы сөз сөйлеп, ұсыныстарын айтты. Ал п.ғ.к., тәрбие жұмыстары және әлеуметтік сұрақтар бойынша проректор Түймеш Малбағарқызы отырысты түйіндеп, қорытынды сөз сойледі.

Сабина Куандихова,

ИСТР – 41 тобының студенті

 

 

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua