Оқулық таныстырылды

Оқулық таныстырылды

Оқулық таныстырылды Қазан айының 25-жұлдызында Тарих, экономика және құқық факультетінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «100 жаңа оқулық: білім жаңғыруының бастауы» атты дөңгелек үстел оздырылды. Ұйымдастырушылар -  Экономика және  менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Егзалиева Асель Болаткалиевна мен ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегері, Экономика мамандығының 3-курс студенті Елеусинова Альбина Булатовна. Шараның басты мақсаты – студенттерді қазақ тіліне аударылған әлемнің таңдамалы оқулығымен  таныстыру.Дөңгелек үстелде жуырда жарық көрген Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты оқулығы талданды. Бұл оқулық Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік реолюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымен үндеседі. Оқулықта қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы баяндалған. Яғни, жасанды интеллектінің, роботтандыру, робот-автомобильдердің, 3D басып шығару, нанотехнология, биотехнологияның дамуы және тағы да көптеген ғаламдық процестердің пайда болуын алдын-ала болжап, оны адамзат игілігіне жарату жолдары қарастырылған. Бұл жөнінде Экономика және менеджмент кафедрасының 3-курс студенттері әр тақырыпты жекелей қарастырып, кітаптың мазмұнын аша білді. Кейіннен 1-курс студенттерімен аталған тақырыптардың оң және теріс ықпалдарын талдап, әркім өз ойымен бөлісті. Шара соңында Асель Болаткалиевна өткізілген шараның мән-маңыздылығына тоқталып, 100 жаңа оқулықтың қазіргі таңда аударылған бөлімдерін оқуға кеңес берді. Сондай-ақ, аталған кітаптарды оқу арқылы әлемдік озық тәжірибелермен танысып, жаңа бағытта білім алудың қажет екенін түсіндірді.

 

Альбина Елеусинова,

«Экономика» мамандығының 3-курс студенті

 

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua