Тарихи мекенге сапар

                                             Тарихи мекенге сапар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Туған жер» жобасынегізінде география кафедрасының доценті г.ғ.к. С.К.Рамазановтың жетекшілігімен 25 қазан күні география-тарих және география мамандықтарының студенттері Орал қаласының аумағында орналасқан  республикалық 100 киелі нысан қатарына енген  ХIII-XIV  ғасырдың  археологиялық ескерткіштерінің бірі Жайық қалашығына  экскурсия жасаған болатын.Экскурсияның  негізгі мақсаты - студенттердіңтуған жерге деген патриоттық сезімін ояту, оның мәдениеті мен салт-дәстүрін біліп, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарымен  таныстыру болды.Жайық қалашығы - Алтын Орда дәуіріндегі ортағасырлық қала (ХIII-XIV). Ол Орал қаласынан  оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Қалашық 2001 жылы "Ақсай-Үлкен Шаған-Атырау"  газ құбыр трассасын  тарттыру кезінде табылған. Ескі қала аумағынан бірнеше тұрмыстық, қоғамдық және шаруашылық нысандар анықталған. Олар – кірпіш, күйдіретін пеш, монша, үй жайлар және кесенелер. Экскурсия барысында шашылып жатқан күйдірілген кірпіштердің сынықтарын көрдік. Жалпы ортағасырлық Жайық қалашығы туралы Серік Кішібекович айтып таныстырды. Сонымен қатар, негізігі құрылыстардың орны - "хамам -шығыс моншасы" болды.  Сол кездің өзінде моншаның  жылу таратқыш құбырлары барлық ішкі суфалар мен еден астары арқылы таралғаны, яғни монша еден асты жағу жүйесімен жылытылғаны  студенттерді таң қалдырды. Моншаның көлемі  шамамен 110-120 м2 алып жатқан болса, орталық бөлмесі сегіз бұрышты, шығыс және батыс бөліктен оған жуынуға арналған шағын орындар, кәріз құбыры  болғаны айтылды. Бүгінде шетелдік туристерді  тарту мақсатында қалашық орнын аспан астындағы мұражайға айналдыру жұмыстары жүруде. Алдағы уақытта ортағасырлық "Жайық қалашығы" еліміздің туристік орталығына айналып, халыққа қызмет етері сөзсіз.Экскурсия кезінде студенттер тарихи орынға ерекше қызығушылық танытып, өз  ойларымен бөлісті.

Ерсин Айманова,

География кафедрасының аға оқытушысы 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua