Абай шығармашылығы насихатталды

                            Абай шығармашылығы насихатталды

Абай шығар 1 Қараша айының 8-жұлдызында Тарих, экономика және құқық факультетінің Есеп және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Э.Н.Баудиярова мен Есеп және аудит мамандығының 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат" атты танымдық сайыс өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты - Абай өмірі мен шығармашылығын студенттерге насихаттау және студенттердің әдеби сауаттылығын арттыру.Шараға Есеп және қаржы кафедрасынан "Жалын", Қазақстан Республикасының  тарихы кафедрасынан "Телқара", Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасынан "Дана тұлғаның дара ұрпақтары", Экономика және менеджмент кафедрасынан құрылған "Хәкім" командалары қатысты. Қатысушылар Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, Есеп және аудит мамандығының 3-курс студенті Г.Айболатова шараны бимен әрлесе, Тарих мамандығының 2-курс студенті Н.Бурамбай өз шығармашылығымен көрермендерді тәнті етті. Сайыс қорытындысы бойынша Дүниежүзі тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасынан құрылған "Дана тұлғаның дара ұрпақтары" командасы I орынды, Қазақстан Республикасының тарихы кафедрасынан құрылған "Телқара" командасы II орынды, Экономика және менеджмент кафедрасынан құрылған "Хәкім" командасы III орынды қанжығасына байлады. Ал Есеп және қаржы кафедрасынан құрылған "Жалын" командасына "Алғыс хат" табысталып, командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Абай шығар 3

 

Хадиша Қойланова,

Есеп және аудит мамандығының IV курс студенті

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua