«Жатақхана» комедиясы сахналанды

                                                            «Жатақхана» комедиясы сахналанды

7 қараша күні Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің xореография және мәдени-тынығу жұмысы кафедрасы жанынан құрылған «Мұрагер» студенттік театры  драматург Сая Қасымбектің «Жатақхана» комедиясын сахналады. Қойылым жетекшісі – И.И.Искакова, режиссері – А.Б.Елекенова.Аталмыш қойылымда комендант рөлін – Биболат Ғайнолла, №4 күзетшіні – Динара Хамидуллина, Шөңгелді – Нұрболат Бимағамбетов, Фараонды – Ержан Абуов, жылауық қызды – Айнұр Ерболатова, Үлекті – Бибарыс Ұзақбаев, Күлше қызды – Айкөркем Асқарова, Жанарды – Анар Жолдығалиева, сантехникті – Мирас Нығмет, еден жуушыны – Айкөркем Тулеуғалиева сомдады. Студенттік өмірдің тәтті шағын, оның ішінде жатақхана өмірін айқын көрсеткен қойылым көпшіліктің көңілінен шығып, жас өнерпаздар көрермендердің қошеметіне бөленді. Спектакль соңында университетіміздің Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Елдос Айдарбекұлы сөз алып, алдағы уақытта да қызықты қойылымдармен көрермендерді қуанта беріңіздер деген ақжарма тілегін білдірді.

                                                                                                                Азиза СУЙНШКАЛИЕВА,

                                                                                                  «Өркен» газеті

 

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua