Әсем әуен әуелеген

Әсем әуен әуелеген

28.1

28.2

Қазақ мәдениетінде кейінгі ұрпаққа табиғи талантымен өшпестей із қалдырып, өзінің таланты мен кәсіби біліктілігін өскелең ұрпаққа дәріптеп, вокалды өнер саласындағы дарынды жас орындаушыларды қолдап, классикалық вокалдық музыканы кеңінен насихаттау мақсатында 24-25 қазан күндері М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ҚР Еңбек сіңірген әртісі,  доцент Жұмағаным Рахимованың 65 жас мерейтойына арналған І Халықаралық вокалистер конкурсы ұйымдастырылды. 2 күнге созылған вокалистер байқауына 21 үміткер қатысып, бақ сынады. Конкурс екі кезең бойынша өтті.

28.3Алғашқы кезеңде қатысушылар Батыс Еуропалық композиторлардың арияларын, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындады.Аталмыш шараның  гала-концертінің шымылдығы Халықаралық "Серпер", "Жұбанов көктемі" фестивальдерінің лауреаты Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі Құрманғазының "Сарыарқа" күйімен түрілді. Кейін университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Әсет Сембайұлы мен "Nur Otan" партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенесары Бекболатұлы сөз алып, кеш иесін мерейлі мерекесімен құттықтап, университет ректоры Нұрлан Серғалиев пен қала әкімі Абат Шыныбековтың атынан Құттықтау қағазын табыс етті. Одан әрі күміс көмей, жезтаңдай әншілер әуелетіп ән шырқап, көрерменге қуаныш сыйлады. Көптен күткен сәт те келіп жетіп, кіл мықтылар сынға түскен сайыстың жүлдегерлері де анықталды.28.4 Қазылар алқасының шешімімен Әліш Бейбарыс (Нұр-Сұлтан) байқаудың гран-при иегері атанса, Әзиза Әбдірайым (Алматы) мен Алтынбек Әбілда (Нұр-Сұлтан) жүлделі І орынды қанжығаларына байлады. Ал Айбек Хайрулла (Қызылорда), Талғат Аллабиринов (Нұр-Сұлтан), Нұрай Қабылова (Қызылорда) байқаудың  ІІ орынын иемденді. ІІІ орын Нұрсәт Алмас (Алматы), Мадина Битимова (Орал), Нұржайнар Әбілхайырова (Нұр-Сұлтан), Ақбота Молдағайыноваларға (Нұр-Сұлтан) бұйырды. Сондай-ақ, Салтанат Мұратқызы (Қызылорда) мен Карина Нәжмеддиноваға (Нұр-Сұлтан) Ж.Рахимова атындағы арнайы жүлде мен диплом, Айбек Аллабиринов (Нұр-Сұлтан) пен Мирас Абдиға (Нұр-Сұлтан)  Ә.Молдағайынов атындағы арнайы жүлде мен диплом, қызылордалық Диас Омар (Қызылорда) мен Чингис Бозовқа (Орал) "Вокал Академиясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан арнайы жүлде табысталды. Өнерге қадам басқан жас таланттарды тоғыстырған байқау жоғары дәрежеде өтіп, өз мәресіне жетті.

 

Азиза СУЙНШКАЛИЕВА

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua