Тіл мәдениетінің шын жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор академик Дариға Тұранқұлова Ақжайық өңірінде

944a94aa-402f-42bf-a2a0-3626003195d9Ұлттық театр өнерін дамытуға ұстаздық еңбегімен мол үлес қосып келе жатқан Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының "Сахна тілі" кафедрасының меңгерушісі, тіл мәдениетінің шын жанашыры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор академик Дариға Тұранқұлова Ақжайық өңіріне келген сапарында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультетінде болып, "Режиссура" мамандығының студенттерімен кездесіп, саxна тіліне арналған маңызды да қажетті ақпараттармен бөлісті. Кездесу барысында "Рухани жаңғыру" институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы, мәдениет және өнер факультетінің деканы Қ.Р. Кажимова, "Сахна тілі" пәнінің оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының иегері А.И. Мамбетовалар сөз алып, қадірменді қонақ, ұлағатты ұстаз, академик Дариға Тұранқұловаға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді. 

 

ecedf681-24c9-4091-a06b-f00133db3f07

05c1e8df-dc38-47f1-8cb7-160c401ab6bb

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua