«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі боп университетіміздің ректоры, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы сайланды

IMG 1111 miniАстанада Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен партияның кезекті XVIII съезінде партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасының қабылдануымен айшықталған болатын. Аталған құжатта Елбасының елімізді жан-жақты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға партияның қосатын нақты үлесі мен жұмысы көрсетілген. Осы үлкен белесті бағындырар жол да партияның Саяси Кеңесі мен Бюросының құрамы жаңартылған болатын. Республика бойынша тағайындалған 100 партия мүшесінен тұратын «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі боп Батыс Қазақстан облысы бойынша университетіміздің ректоры, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы сайланды.

untitled1Саяси кеңес партияның жоғары өкілдік органы. Оның өкілеттігіне партия Съезінің шешімдерін орындау бойынша партия органдары қызметінің негізгі бағыттарын анықтау, партияның қатысуымен болатын сайлау кампанияларына қатысты мәселелерді қарау, партия атынан саяси мәлімдемелер мен үндеулерді қарау және енгізу, қалыптасқан қоғамдық қатынасқа байланысты партияның ұстанымын анықтау, партия Төрағасының ұсынысы бойынша өз құрамынан партия Саяси кеңесінің Бюро мүшелерін сайлау, партия Съезін шақыру, олардың күн тәртібін қалыптастыру, партияішілік талқылауларды өткізу туралы шешім қабылдау, оларды өткізуді ұйымдастыру және қорытындылау, партия съезінің ерекше құзіретіне қатысы жоқ партия қызметіндегі басқа да мәселелерді шешу кіреді. Партия Саяси кеңесінің өкілеттік мерзімі – 4 жыл.

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua