62-ші «Денсаулық» спарткиадасының ашылуы өтті.

фотограф Халелов Рафхат 94 mini

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында дәстүрлі 62-ші «Денсаулық» спарткиадасының ашылуы өтті.
Спартакиадаға қатысушы 9 команда бірнеше спорттық жарыс бойынша сынға түсуде. Бүгін волейбол, шахмат, дойбы, теннис, футбол, асық ату, дартс, эстафета, арқан тарту түрлері бойынша алғашқы жарыстар басталды. Шараның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген университет ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы университетімізде дәстүрлі түрде өтетін «Денсаулық» спартакиадасының университет тарихындағы орны ерекше екенін атап өтті.
«Халық денсаулығының кілті – салауатты өмір салтында», «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» деген Елбасы Жолдауына тоқталған университет ректоры денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын насихаттауда спорттық шаралардың маңызы зор, осындай дәстүрге айналған спорттық жарыстардың жыл сайын жалғасын тауып, оған ардагер ұстаздардың, ғалымдар мен оқытушылардың, қызметкерлердің бірге қатысуы жас ұрпаққа зор үлгі екендігін атап өтіп, спартакиаданы ашық деп жариялап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бүгінгі салтанатты шарада университет ректоры дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы, Самбо күресінен КСРО спорт шебері атанған университетіміздің түлегі Бекбаев Сатыбалды Шамранұлын 65 жас мерейтойымен құттықтап, 40 жылға жуық еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп, спорт саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізген ардагер ұстаз Сатыбалды Шамранұлына мерейтой қарсаңында құрмет көрсетті.
Ардагер ұстаз Мерует Жолдықайырова осындай дәстүрлі түрде өтетін спорттық шараларға университет ұжымы белсенді қатысу керектігін, спортпен айналысу денсаулық кепілі екендігін айтып өтіп, биыл 62-ші рет өткізіліп отырған университет тарихындағы маңызды шара спартакиада қатысушыларына жүрекжарды тілегін жолдады.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі

фотограф Халелов Рафхат 34 mini

фотограф Халелов Рафхат 235 mini

фотограф Халелов Рафхат 286 mini 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua