«БҚМУ жұлдызы-2018»

IMG 3024 mini

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай дәстүрлі түрде «БҚМУ жұлдызы-2018» премиясы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: университет көлемінде жастар саясатының дамуына, қоғам өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан көшбасшыларды, әр салада өз ісінің белсенділерін анықтау және марапаттау; дарынды жастарға қолдау көрсету; жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу; жастардың елдің қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық өміріне деген белсенділігін арттыру; облыстық, республикалық байқауларға, конкурстарға қатыстыру болып табылады. Байқауға студенттер 6 аталым бойынша сынға түсті. Арнайы құрылған комиссияның отырысы бойынша

«Үздік жас көшбасшы» Лукпанова Айгерим;

«Үздік студент» Кемешова Айша;

«Үздік жас ғалым» Идеятова Орынгүл;

«Үздік спортшы» Умиталив Токтар;

«Үздік пікірсайысшы» Жалмұқан Ерсұлтан;

«Жас талант» Орынғалиев Мейрамбек жеңіп алды.

Сонымен қатар университетіміздің дамуына, профессор – оқытушылар ұжымына көрсетіп жүрген зор көмегі мен оқу, ғылым, тәрбие жұмыстары бойынша өтетін мерекелік шараларды ұйымдастыруда өз үлестерін қосып, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық шараларда жоғары деңгейде көрініп жүрген студенттер университет ректоры атынан құрмет грамотасы, алғыс хаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

I Құрмет грамотасымен:

1. Серіккалиев Елдос – педагогика факультеті, «Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандығының 4-курс студенті, студенттік ректор;

2. Аяп Жарас – физика-математика факультеті, «Математика» мамандығының 4-курс студенті, Жас Отан ЖҚ БҚМУ көшбасшысы;

3. Ғинатуллин Саят - жаратылыстану-география факультеті, «География» мамандығының 3-курс студенті, студенттік декан;

4. Оразов Теміржан – жаратылыстану-география факультеті, «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 4-курс студенті, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алушы студенттердің бас сардарының орынбасары. Республикалық «Көшбасшылар» мектебінің қатысушысы;

5. Серік Жұбаныш – филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті, «Мен Жастарға сенемін» студент-жастарының V республикалық патриоттық форумында «Қала мен Дала» газетінің «Рух Баян» номинациясының иегері, облыстық, республикалық «Аламан» фестивалінің жеңімпазы;

6. Ғилымханов Марлен – филология факультеті, «Филология: қазақ тілі» мамандығының 4-курс студенті, ақын, халықаралық республикалық мүшәйралардың жеңімпазы;

7. Мұратқабыл Анар – филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдбиеті» мамандығының 4-курс студенті, №2 жатақхана төрайымының орынбасары;

8. Амангельдина Айжан – филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдбиеті» мамандығының 4-курс студенті, №2 жатақхана төрайымы;

9. Джамалов Қосдаулет –филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті, университетішілік, облыстық шаралардың жүргізушісі;

10. Абильбахит Айжан – физика-математика факультеті «Физика» мамандығының 4- курс студенті, №3 жатақхана төрайымы;

11. Өскен Динара – физика-математика факультеті, «физика» мамандығының 4-курс студенті, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алушы студенттерінің арасында өткізілген «Аламан-2018» облыстық фестивалінің «Үздік спикері» аталымының игері, «Діни сауатсыздық- теріс ағымдарының таралуының негізі» облыстық пікірсайыс турнирінің үздік төрешісі;

12. Шакирова Мадина – физика-математика факультеті, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4-курс студенті, №2 жатақхана төрайымы. Облыстық «Бозбала мен бойжеткен» байқауының жеңімпазы;

13. Набиденова Гульдана – тарих-экономика және құқық факультеті, «Тарих» мамандығының 3-курс студенті, шежіре ансамбілінің жетекшісі, 1курс арасында өткізілген жаңа толқын фестивалінің дәстүрлі ән аталымы бойынша 2016 жылғы 1 орын иегері;

14. Гарифуллина Алима тарих-экономика және құқық факультеті «Халықаралық қатынастар» мамандығының 4-курс студенті, Қазақстан Республикасы Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегері;

15. Өнербаев Ардақ – тарих-экономика және құқық факультеті, «тарих» мамандығының 4-курс студенті, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алушы студенттердің бас сардары. ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының президенті Ж.Мелдешовтың алғыс хатының иегері. Республикалық «Көшбасшылар» мектебінің қатысушысы;

16. Садиков Нұрсұлтан – мәдениет және өнер факультеті, «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 3-курс студенті, студенттік декан;

17. Утебаева Жанель – педагогика факультеті, «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4-курс студенті, ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегері;

18. Еслямғалиев Абылқайыр – мәдениет және өнер факультеті «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 3-курс студенті, Республикалық КТА ойындарының қатысушысы, 2018 жылдың қыркүйек айынан университетішілік маусымдық «Жайдарман» ойындарының директоры;

19. Исаева Гаухар – мәдениет және өнер факультеті, «Хореография» мамандығының 4-курс студенті, университетішілік, облыстық фестивальдардың жеңімпазы.

ІІ Алғыс хатпен:

1. Суханберді Бақытжан – жаратылыстану-география факультеті, «География» мамандығының 3-курс студенті,студенттік деканның орынбасары;

2. Меңдіғалиева Айым – жаратылыстану-география факультеті, «Химия» мамандығының 3-курс студенті,студенттік деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары.Start-up «Менің арманым» жобасының финалисті;

3. Қожатай Гүлнар – жаратылыстану-география факультеті, «Химия» мамандығының 4-курс студенті, ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегері;

4. Тоғызбай Элизабетти – жаратылыстану-география факультеті, «химия» мамандығының 2-курс студенті, «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында өткен республикалық көшбасшылар мектебінің қатысушысы;

5. Әбдіхан Айдана – филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті, «СерпінLIFE» жобасының белсенді қатысушысы, облыстық «Аламан» фестивалінің «Үздік эссе» байқауы бойынша жеңімпазы, жатақхана старостасы;

6. Жумабаева Сулушаш – филология факультеті, «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенті, жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісінің көмекшісі. Республикалық «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» семинар тренингінің қатысушысы;

7. Насиев Төрехан филология факультеті, «Филолгия: қазақ тілі» мамандығының 2-курс студенті, ақын,облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері,Республикалық «Ұлы Дала дарыны» фестивалінің «Жас Ақын» бөлімінің бас жүлде иегері, VI Республикалық «Мен жастарға сенемін» патриоттық форумының поэзия бөлімінде 2-орын иегері;

8. Меңдешұлы Жандос физика-математика факультеті, «Информатика» мамандығының 2-курс студенті, Алматы қаласы Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен X Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қатысушысы, «Smart students» зияткерлік сайысының жеңімпазы;

9. Құспанова Айзат – физика – математика факультеті «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3-курс студенті, студенттік декан. Республикалық «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» семинар тренингінің қатысушысы;

10. Рахметов Бауыржан – физика-математика факультеті, «Информатика» мамандығының 4-курс студенті, Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң иниверситетінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваның қатысуымен өткен «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттері форумының және «Каспий Серпін Толқыны» атты республикалық форумының қатысушысы;

11. Тұрсынбаев Нұрсұлтан – физика-математика факультеті, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4-курс студенті, «СерпінLIFE» жобасының ұйымдастырушысы, «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында өткен республикалық «Көшбасшылар» мектебінің қатысушысы, университетішілік футбол ойындарының үздік ойыншысы;

12. Жаңабай Асылтас – физика-математика факультеті, «физика» мамандығының 4-курс студенті, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттерінің мамандық сардары, «Каспий Серпін Толқыны» атты республикалық форумының қатысушысы, «СерпінLIFE» жобасының ұйымдастырушысы, №2 жатақхана старостасы;

13. Қуанышбек Майра – физика-математика факультеті, «физика» мамандығының 3-курс студенті, №2 жатақхана төрайымының орынбасары, белсенді студент;

14. Әбілеков Бекжан – физика-математика факультеті, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4-курс студенті, «СерпінLIFE» жобасының ұйымдастырушысы, «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында өткен облыстық «Аламан» фестивалінің спорттық жарыс бойынша жеңімпазы, университетішілік футбол ойындарының үздік ойыншысы. Облыстық «Бозбала мен бойжеткен» байқауының жеңімпазы;

15. Сайлауов Асылан тарих , экономика және құқық факультеті «Менеджемент» мамандығының 3-курс студенті,экономикалық мамандықтар бойынша XVII Республикалық олимпиададан 3 орын иегері,«Мен жастарға сенемін» Республикалық форум қатысушысы,«Жастардың үздік инновациялық бизнес жобасы» байқауы – алғыс хат иегері, «Жас Отан» жастар қанаты «Жас саясаткер» мектебінің түлегі;

16. Оралбаева Ағынұр тарих, экономика және құқық факультеті «Құқықтану» мамандығының 2-курс студенті, студенттік деканның міндетін атқарушы,«Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған «Жас Отан» ЖҚ мүшесі;

17. Тұрмұхан Нұрдаулет тарих , экономика және құқық факультеті, «тарих» мамандығының 3-курс студенті, Республикалық, облыстық «Аламан» фесивалінің жеңімпазы, Астана қаласында өткен «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы жастардың форумының қатысып, жобаның іске асырылуына белсене атсалысқаны үшін мадақтама иегері, Шучинск қаласында өткен «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында өткен республикалық көшбасшылар лагерінде «Жастарға педагогика – психологиялық қолдау көрсету, бейімдеу жолдарының әдістемесі» тақырыбындағы семинарға қатысқаны үшін сертификат иегері;

18. Есжанов Исламбек - тарих-экономика және құқық факультеті, «тарих» мамандығының 4-курс студенті, облыстық «Аламан» фестивалінің «Үздік әлеуметтік жоба» аталымы бойынша жеңімпазы, факультетшілік футбол турнирінің «Үздік қақпашы» аталымының иегері, «Еріктілер қызметінің рөлі мен дамуына бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру» жобасының шеңберінде «Батыс Қазақстан облысында еріктілер қызметін ұйымдастыру негіздері» семинарына қатысып сертификат иемденді;

19. Самиғоллаев Ерқанат – педагогика факультеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті, студенттік декан,студенттік құрылыс жасағының сарбазы. Республикалық «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» семинар тренингінің қатысушысы;

20. Мақсотқалиев Қадырбек педагогика факультеті «Әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандығының 4-курс студенті, Алматы қаласы Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен X Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жүлдегері;

21. Лукпанова Гүлмархан – мәдениет және өнер факультеті «Музыкалық өнер» мамандығының 3-курс студенті, «Жаңа толқын-2016» облыстық бірінші курс студенттерінің шығармашылық фестивалінде «Аспапта орындау шебері» аталымы бойынша гран-при иегері;

22. СалимовАйбек мәдениет және өнер факультеті «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 2-курс студенті,студенттік деканның орынбасары.Облыстық, республикалық байқаулардың ұйымдастырушысы;

23. Жеркерова Назым Едиловна - филология факультеті, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті, облыстық, университетшілік деңгейде жүргізуші;

24. Ерсайынов Бекзат мәдениет және өнер факультетінің 2 курс студенті. Студенттік деканның спорт ісі жөніндегі орынбасары. Облыстық, республикалық байқаулардың ұйымдастырушысы.

ІІІ Арнайы сыйлықпен:

1. Пернебек Перизат – жаратылыстану-география факультеті, «химия» мамандығының 3-курс студенті, республикалық, облыстық «Аламан» фестивалінде «Ұлттық би» және «Заманауи би» аталымдары бойынша жеңімпазы, «СерпінLIFE» жобасының қатысушысы, жатақхана старостасы;

2. Жаңбырбай Әділет - жаратылыстану-география факультеті, «география» мамандығының 3-курс студенті, Республикалық, облыстық «Аламан» фесивалінің жеңімпазы, Астана қаласында өткен «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы жастардың форумының қатысып, жобаның іске асырылуына белсене атсалысқаны үшін мадақтама иегері, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасыдағы «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» атты семинар – тренинг қатысушысы;

3. Қуанышева Аяжан – филология факультеті, «Филология: қазақ тілі» мамандығының 2-курс студенті, студенттік деканның міндетін атқарушы;

4. Тұрлыбаева Жаснұр – филология факультеті, «шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенті, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттердің мамандық сардары, облыстық «Аламан» фестивалінің волейбол турнирінің жеңімпазы;

5. Калыкова Гүлдана – филология факультеті «шет тілі:екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенті, студенттік деканның «шет тілі:екі шет тілі» мамандығының координаторы;

6. Убайтжанова Ақнұр – филология факультеті, «Филолгия: қазақ тілі» мамандығының 2-курс студенті,студенттік деканның «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» мамандығының координаторы;

7. Аминова Әсем – филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алушы студенттердің мамандық сардары, облыстық «Аламан» фестивалінің волейбол турнирінде «Үздік ойыншы» аталымының жеңімпазы;

8. Жәнібек Нұрсұлтан – физика–математика факультеті, «Математика» мамандығының 2-курс студенті, «Геометрия» пәнінен бүкілресейлік олимпиадасының жеңімпазы;

9. Қалмұрат Мерей – физика-математика факультеті, «Математика» мамандығының 3-курс студенті, жатақхана старостасы, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша білім алушы студенттерінің арасында өткізілген «Аламан-2018» облыстық фестивалінің дебат ойындарының жеңімпазы, белсенді студент;

10. Төреғалиева Аймира – тарих , экономика және құқық факультеті, «Менеджемент» мамандығының 2-курс студенті, «Студенттік көктем-2018» облыстық фестивалінің «Вокалдық ән» номинациясының жеңімпазы;

11. Уринбасаров Нұрберген – педагогика факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті, студенттік деканның орынбасары;

12. Клим Райымбек – педагогика факультеті, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-курс студенті,студенттік деканның спорт ісі жөнінде орынбасары;

13. Сақтай Нұрсұлтан – мәдениет және өнер факультеті, «Вокалдық өнер» мамандығының 2-курс студенті,университетішілік, облыстық шаралардың ұйымдастырушысы;

14. Жанакова Құралай – мәдениет және өнер факультеті, «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 2-курс студенті, облыстық «Қызғалдақ» фестивалінің ұйымдастырушысы,университетішілік шаралардың ұйымдастырушысы;

15. Аубакирова Бекайым – мәдениет және өнер факультеті «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 2-курс студенті,облыстық «Қызғалдақ» фестивалінің ұйымдастырушысы,университетішілік шаралардың ұйымдастырушысы. 

 

IMG 2381 mini

IMG 3050 mini

IMG 3071 mini

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua