Ұстаздар күні. 29.09.16.

logo

29 қыркүйек күні ұстаздар мейрамына орай қазақ филологиясы факультетінде аға оқытушы, магистр Тұрғаналиева Г.Г. мен магистрлердің басшылығымен «Жыл ұстазы - 2016» фестивалі өтті. Бұл мейрам басқа мейрамдардан өзгешелігімен ұстаздардың да шәкірттердің де есінде қалды.

Алдымен «Жыл ұстазы - 2016» фестивалін ашу үшін сөз филология факультетінің деканы, доцент Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлына берілді. Одан әрі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының І курс студенті Сагиева Аяжан «Әриайдай» әнімен кеш көркін қыздыра түсті.

Фестивальде қазақ филологиясының 24 ұстазына номинациялар тағайындалып, табыс ету мәртебесі аталған факультеттің белсенді студенттеріне бұйырды. Олардың қатарында: Н.Назарбаев атындағы арнаулы шәкіртақы иегері Жұмабаева А.Ғ., Сагидуллаева С., студенттер кәсіподағының төрағасы Қабдешов А.Қ., Рахметова З.Қ., Таймұханова А.М., республикалық олимпиадалар жүлдегері Ғазез Н., «Махамбеттанушы» газетінің жас журналисті Латифова М., жас ақындар Сыдықов М., Батуова Р., «Филология» аруы байқауының жүлдегері Батыргереева Ж., «Талант» жайдарман құрамасының ойыншылары Қасым А., Базарбаев Н., старосталар координаторы Амангельдина А., ІV курс студенті Марат Г., студенттер ғылыми қоғамының жетекшісі Туралиева Н., Қалдыбай Н., Жұмагелді Т., Салауатов Б., Лұқбанов М., филология факультетінің студенттік деканы Нұржанова Р.

16

Ұстаздарға берілген номинация қазақ филологиясының 2-4 курс студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде болды. Шәкірттері ұстаздарының қарым, қабілеті, шеберліктері, еңбекқорлықтарына қарай мынадай баға берді.

1. «Үміт» номинациясы – Сисенбаева Р.Ж.

Қалиева А.Т.

Алмағамбетова А.Н.

Сұлтаниязова И.С.

2. «Мейірімді ұстаз» номинациясы – Мұхамбетқалиева Р.Қ.

3. «Шебер ұстаз» номинациясы – Ержанова Ұ.Р.

4. «Еңбекқор ұстаз» номинациясы – Шайекенов Ж.Ж.

5. «Парасатты ұстаз» номинациясы – Аронов Қ.Ғ.

6. «Креативті ұстаз» номинациясы – Мүтиев З.Ж.

7. «Полиглот ұстаз» номинациясы – Қыдыршаев А.С.

8. «Білімді ұстаз» номинациясы – Хасанов Ғ.Қ.

9. «Шыншыл ұстаз» номинациясы – Ниязғалиева А.Ә.

10. «Ұлағатты ұстаз» номинациясы – Жолдықайырова М.Ж.

11. «Тіл жанашыры - 2016» номинациясы – Ниетова А.С.

Қабошева Н.А.

Дүйсенғалиева Н.Е.

Қадырғалиев Ж.Д.

12. «Ғылым жанашыры» номинациясы – Сұлтанғалива Р.Б.

13. «Іскер ұстаз» номинациясы – Раманова А.А.

14. «Талапшыл ұстаз» номинациясы – Ахатова Н.Х.

15. «Жаңашыл ұстаз» номинациясы – Тұрғаналиева Г.Г.

16. «Өнерлі ұстаз» номинациясы – Мусина Ж.Ғ.

17. «Үлгілі ұстаз» номинациясы – Жұмашева К.Б.

18. «Жыл ұстазы - 2016» номинациясы – Шарабасов С.Ғ.

Шарабасов Серікқали Ғабдешұлы бақилық болса да ғұмырының бірнеше жылын ұстаздық жолына арнап, шәкірттерін білім нәрімен сусындатуда елеулі үлес қосқандығы аян. Ұлы ұстаздың филология факультетінде ғана емес, қара шаңырақ М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға тигізген еңбегінің зор екендігі айтылып, ардақты ұстаз жайында бейнеролик көрсетіліп, дүйім жұрт көз жастарына ерік берді.

Факультетіміздің І курс студенті Олжабай А., Жеткерова Н., Қалдыбай Н., Қарсақбаева А. Ән айтып,би билеп, күй тартып көрермен қошеметіне бөленсе, «Талант» құрамасының ізін жалғаушы жас әзілкештері астарлы әзіл, қағытпа қалжыңдарымен мерекелік көңіл күй сыйлады. Осы орайда фестивальдің мінсіз өтуіне үлестерін қосқан жүргізушілер Оралтаева А. пен Ақнұрды айта кеткен жөн.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік! деп ұстаздарымыздың төл мейрамына орай өткізілген фестиваль осындай әуезде нүктесін қойды. Университетіміздің барша ардагер ұстаздары мен профессор, оқытушылар құрамын мерекелерімен қазақ филологиясы студенттері атынан шын жүректен құттықтаймыз.

 

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua