Облыстық «Тазша бала» сайысы. 28.09.16.

logo

«Тазша бала» сайысы

Тіл мерекесіне орай 28 қыркүйек күні Қазақ драма театрында 10-30 жастағы жігіттер арасында облыстық «Тазша бала» байқауы өтті.

Тәуелсіз ел болып іргемізді бекітіп, шаңырағымызды көтергенімізге 25 жыл және мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесіне арнап ұйымдастырылған «Тазша бала» сайысы төрт кезеңнен тұрды: «Таныстыру»; «Сөз сойыл»; «Тазшаға тоғыз өнер де аз»; «Мағынасы майысқан мақалдар».

Бұл сайыста еліміздің сенім артар күші де, найзасының ұшы да болар батыр ұлдарымыз өздерін әр қырынан көрсете білді. Жігіттеріміздің жеміне шүйліккен бала қырандай алымына, сөзден нөсер төгер шалымына қарасақ, жүзіктің көзінен өткендей, мынау қалайы жоқ, бәріде нағыз «Тазша бала» атануға лайықты болды.

Жігіттерімізге тілдерді дамыту басқармасының мүшесі Бисенғалиева Г.Қ., қазақ драма театрының актрисасы Мақашева Э.Ж., мәдениет саласының қызметкері Төлегенов Қ.А. әділ төрелік жасады.

Сайысқа университет атынан қазақ филологиясының студенті Орынғалиев Мейрамбек қатысқан болатын. Жиырмаға тарта қатысушылар арасынан Мейрамбек тапқырлығымен көзге түсіп, ІІІ орынмен қанжығасын майлап қайтты. Осы орайда, Мейрамбекті дайындап апарған жетекшісі Тұрғаналиева Г.Г. алғыс білдіреміз.

Осындай нәтиже көрсеткішімен сайыс қорытындыланып, жүлдегерлерге ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

14

 

15 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua