«Дала дарындары».23.09.16.

logo

23 қыркүйек күні ХШО жыл сайын облыстық дәстүрлі түрде өткізілетін «Дала дарындары» байқауы оздырылды.. Байқауға облыс аудандарынан 18-35 жас аралағында барлығы 15 қатысушы қатысты. Ол доданың «Әдеби шығарма» номинациясына факультетіміздің ІІ курс студенттері Ғилымханов Мәрлен, Аманжолов Әнуар мен І курс студенті Бақиев Азамат өз бақтарын сынаған болатын.

Нәтижесінде Ғилымханов Мәрлен І орын және қараша айында өтетін Халықаралық «Шабыт» фестиваліне жолдама алды. АқтілеуҚалдыбай ІІІ орын, Аманжолов Әнуар және Бақиев Азамат жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ақын-журналист Мұнайдар Баймолда төрелік етті.

13

Дәстүрлі байқауда нар жігіттеріміздің шумақтап келтірген Бақиев Азаматтың «Наз», Ғилымханов Мәрленнің «Кез», Әнуар Аманжоловтың «Тұтастық», Ақтілеу Қалдыбайдың «Бөрі» жырлары көрермен қауымға жүрекпен оқылып, жүрекке жете білді.

І орын иегері, «Шабыт» фестивальіне жолдама алған Мәрлен Ғилымханның «Кез» өлеңі:


Жүзін көрсетпей жалғанда бақыт,
Жүрек тұсымнан армандар атып.
Табанда езіліп ар қалған ақық,
Тамған қан қарға қалғанда қатып.

Жұдырықтары- ай, тастан да қатты,
Жасқанып кімің бас сауғалапты?!
Жиғандарымды шашқанда батты,
Жаным ызаны жастан жаратты.

Қыстың сондағы шерін емем бе,
Қиналған мықты серігі өлерде.
Жұрттың есіне ері келер ме,
«Желтоқсанымның желі» дегенде?!

Заманның сіңіп жанға тұманы,
Жоғым түс болып, бар қақырады.
Кекке кептелген қолы аппақ,
Қала қызыл қан сораптап,
Қадам жасасам жол аттап,
Көрініс кейбір тонап бақ,
Алда тұрады,
Көшеде қалған Алматыдағы.

Өрі уатылып өлкенің кеше,
Зарлаған, елім, көркемің неше?
Аспанға қастық көмкерілмесе,
Намыс бар ыдыс төңкерілмесе,

Жүре ме қазақ сын ұшын құшып?
...Бүгін жанымның жыры шыңда ұшып,
Ыңыранамын ырысымды ішіп.
Мәңгілігімнің қылышын қысып!

Ұлы армандарға ұласар мекен,
Деген еді ғой «Қыра сал» бөтен.
Қаны әкелді құт. Сыр ашам да өтем.
Қуанайын ба?!
Жыласам ба екен?!

Абадан болған жасты білермін,
Кетпейді өксігі асқынып елдің.
Сөзден сезілсін тасқыны реңнің,
Ендігі күннің Қасқыры менмін!

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua