«Тазша бала» сайысы

logo1

 

«Тазша бала» сайысы 

Тіл айлығына орай 19 қыркүйек күні 1-2 курс студенттері(ұлдар) арасында аға оқытушы, магистр Тұрғаналиева Ганмиркүн Ганмирханқызының жетекшілігімен қазақ филологиясы факультетінің студенттері, Н.Ә.Назарбаев атындағы арнаулы шәкіртақы иегерлері Жұмабаева Ақсана мен Сагидуллаева Сандуғаштың ұйымдастыруымен «Тазша бала» байқауы өтті.

8

 

Тәуелсіз ел болып іргемізді бекітіп, шаңырағымызды көтергенімізге 25 жыл, қара шаңырақ М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға келер жылы 85 жыл толуына орай және де мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесіне арнап тіл айлығы аясында ұйымдастырылған «Тазша бала» сайысы төрт кезеңнен тұрды: Таныстыру. «Сөз сойыл». «Тазшаға тоғыз өнер де аз». «Мағынасы майысқан мақалдар». Кеште филология ғылымдарының кандидаты, доцент, филология факультетінің деканы Мүтиев З.Ж. сөз сөйлеп, көрермендерді тіл мерекесімен құттықтай отырып, қатысушыларымызға сәттілік тіледі. Жігіттерімізге қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Раманова А.А., аға оқытушы, магистр Тұрғаналиева Г.Г., қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы, РҺ доктор Сұлтаниязова И.С. әділ төрелік жасап, нағыз «Тазша баланы» анықтауда қазылық етсе, филология: қазақ тілі мамандығының студенттері Зайнуллин Ақжол мен Жанұзақов Мейрман кеш тізгінін ұстады.

9

 

Бұл сайыста еліміздің сенім артар күші де, найзасының ұшы да болар Сайын Айдархан(ҚТӘ-11), Орынғалиев Мейрамбек(Фил-13), Қабошев Бержан(Фил-11), Жұмагелді Талант(Фил-21), Аманжолов Ержан(Фил-11), Қожағұлов Мақсат(ҚТӘ-23) сынды батыр ұлдарымыз өздерін әр қырынан көрсете білді. Жігіттеріміздің жеміне шүйліккен бала қырандай алымына, сөзден нөсер төгер шалымына қарасақ, жүзіктің көзінен өткендей, мынау қалайы жоқ, әйтсе де сайыс болғандықтан «кіл мықтыдан кім мықты» деп Орынғалиев Мейрамбек өзгелерден оқ бойы озық шығып, «Тазша бала»  атанды. Ал Жұмагелді Талант ІІ орын иеленсе, Аманжолов Ержан сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынға жайғасты.

Осындай нәтиже көрсеткішімен сайыс қорытындыланып, жүлдегерлерге ынталандыру сыйлықтары табыс етіліп, кешті Олжабай Аманбектің орындауындағы «Ұлы дала» әнімен аяқтады.

10

  

«Үздік махамбеттанушы»

Тіл айлығына орай 20 қыркүйек күні 1-2 курс студенттері арасында аға оқытушы, магистр Тұрғаналиева Ганмиркүн Ганмирханқызының жетекшілігімен қазақ филологиясы факультетінің студенттері, Н.Ә.Назарбаев атындағы арнаулы шәкіртақы иегерлері Жұмабаева Ақсана мен Сагидуллаева Сандуғаштың ұйымдастыруымен «Үздік махамбеттанушы» атты танымдық кеш  өтті. Еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл, қара шаңырақ М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ға келер жылы 85 жыл толуына орай және де мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесіне арнап тіл айлығы аясында ұйымдастырылған «Үздік махамбеттанушы» сайысы төрт кезеңнен тұрды: Бәйге. «Жеті жұмбақ». «Тіл-өнер». «Ой түю».

5

 

Кеште филология ғылымдарының кандидаты, доцент, филология факультетінің деканы Мүтиев З.Ж. сөз сөйлеп, көрермендерді тіл мерекесімен құттықтай отырып, қатысушыларымызға сәттілік тіледі. Сайыста филология ғылымдарының кандидаты, доцент, филология факультетінің деканы Мүтиев З.Ж., аға оқытушы, магистр Тұрғаналиева Г.Г., қазақ филологиясы факультетінің студенттік деканы Нұржанова Р. қазылық етсе, Н.Ә.Назарбаев атындағы арнаулы шәкіртақы иегері Жұмабаева А.Ғ. кеш тізгінін ұстады.

 6

Сайысқа  Қасымбеков Әзірет(ҚТӘ-11), Махсутова Гүлзат(ҚТОМҚТӘ), Қасымова Назерке(Фил-13), Төлен Айгүл(Фил-11), Қаржаубаева Назерке(ҚТӘ-11), Қаленова Назерке(ҚТӘ-13), Құдайберген Гүлайым(ҚТӘ-23) қатысып, сайыс нәтижесі бойынша өзінің таным түсінігімен, білімпаздығымен, алғырлығымен Төлен Айгүл үздік ойын үлгісін көрсетіп, «Үздік махамбеттанушы» атанды.

7

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua