Бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша қатысқан "Маxамбет" командасы жүлделі 3-орынды иеленді!

56290948 429220014493274 3857245034013261824 n2019 жылдың 4-6 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 5В010700 - " Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша XI республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға жоғары оқу орындарынан осы мамандық бойынша 12 команда қатысты. Командалық есепте университетіміздің бейнелеу өнері және сызу мамандығы бойынша қатысқан "Маxамбет" командасы жүлделі 3-орынды иеленді. Сондай-ақ "Сурет" шығармашылық тапсырмасы бойынша 2 дәрежелі диплом, "Композиция" шығармашылық тапсырмасы бойынша 3 дәрежелі диплом, "Сызу" шығармашылық тапсырмасы бойынша 3 дәрежелі дипломдармен 3 курс студенттері Гүлайым Қуанышқали мен Алиxан Жасқайрат марапатталды. Жетекшісі М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, философия ғылымдарының кандидаты Нұржан Сағынұлы Тілеуxановты және жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

 

56696980 429220051159937 3081292624292741120 n

56823439 429220111159931 6102740007506673664 n

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua