Қанатың талмасын, жас ғалым!

Жастар жылының қарсаңында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану - география факультетінің 3 курс студенті МЕҢДІҒАЛИЕВА Айым Тоқтасынқызы «Бөбек» Жалпы ұлттық қозғалысы» заңды тұлғаларының бірлестігінің ұйымдастыруымен республикалық «Жас қыран» атты кітап жинағына еніп, «ҮЗДІК СТУДЕНТ 2018» белгісімен марапатталып, арнайы куәлігі берілді.

Мыңдаған талапкерлердің ішінен оза шапқан, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан студентіміздің жетістігі бұнымен тоқтаған емес.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Жастар жылының» ашылуында, «Қазақстанда жастардың стартап - жобаларын қолдайтын қор құрылады» - деп атап көрсеткендей, дәл осы тұрғыда, Айымда «Startup Bolashak: Менің Арманым» Стартап-жобалар Ұлттық байқауының финалисті (Астана қ.). Сонымен қатар Халықаралық, Республикалық басылымдардағы ғылыми мақалалардың авторы. Республикалық ғылыми жобаның жүлдегері. БҚМУ ректоры Алғыс хат иегері, «Үздік Жас ғалым» аталымының дипломанты, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» семинар тренингінің қатысушысы, «Жастардың үздік инновациялық бизнес жобасы» байқауының финалисті, «НИРС» университетішілік байқауының 1 орын иегері және т.б. Еліміздің дамуына үлес қосар Меңдіғалиева Айым сынды жастардың бары қуантады. Айымның университетіміздің, облысымыздың еліміздің даңқын асқақтатарына күмәнім жоқ. Асқақтай бер, қанатың талмай, еліңе мақтаныш сыйлар азаматша бол!

 

Кажимова Карылгаш Рахымқызы

Мәдениет және өнер факультетінің деканы

6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша

Философия докторы (PhD)

Mendigalieva 2МендигалиеваАйым

«БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі Алғыс хатпен марапатталды

48355329 369944883754121 1135396474671071232 n

2018 жылдың 12 желтоқсан күні Х.Бөкеева атындағы Облыстық қазақ драма театрында «Жастар қуаты: Көшбасшылық. Жаңа бастамалар. Даму» тақырыбында облыстық жастар форумы өтті. Форум барысында білім, ғылым, шығармашылық және бизнес саласында жетістікке жеткен тұлғалар өздерінің еңбек жолындағы әртүрлі қиындықтарымен бөлісіп, жетістікке жету бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті. Өңір басшысы Алтай Сейдірұлы жастарға оң бағасын беріп, еліміздің жастар саясатын жүзеге асыруда елеулі үлес қосқан бірқатар жастар ұйымдарына Алғыс хат табыс етті. Олардың қатарында «БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі облыс жастары арасында шешендік өнердің дамуына қосқан үлесі үшін арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Аталмыш бірлестік төрағасы Сүлейменов Мерген Қуанышұлын және де бірлестіктің белсенді жастарын шын жүректен құттықтаймыз! 

48403116 369947187087224 4289628866399436800 n

48237086 369944977087445 8044764325715378176 n

48395485 369944853754124 2930729487714746368 n

М. Өтемісов атындағы БҚМУ хоры 1-орынды иеленді!

45739786 352057598876183 834057871216869376 n

Самара қаласындағы Самара мемлекеттік мәдениет институтында өткен VI халықаралық "На крыльях музыки" атты байқауда "Эстрадалық хор" номинациясы бойынша М. Өтемісов атындағы БҚМУ хоры 1-орынды иеленді. Жетекшісі аға оқытушы Көптілеуова. К. С ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 

"Makham BAND" вокалдық ансамблі ІІІ орынды иеленді!

45474891 352059795542630 4578524691899088896 n

Самара қаласы, Самара мемлекеттік мәдениет институтында өткен VI халықаралық конкурс "На крыльях музыки" атты байқауда "Вокалдық эстрадалық ансамбль" номинациясы бойынша "Makham BAND" вокалдық ансамблі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі магистр, аға оқытушы Қуаншалиева. Р. Ж ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

45716252 352059762209300 4707318215506657280 n

Құттықтаймыз!

44803243 2212744085433576 829727247102377984 o

Атырау қаласында өткен Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына арналған "Байтақтан озып, бәйге алған" атты халықаралық ақындар айтысынан әріптесіміз Жансая Мусинаны бас жүлде алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua