Қос дипломды білім берудің даму перспективалары

IMG 9531 800x533-300x200Бүгін М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Қосдипломды білім беру: Н.Г.Чернышевский атындағы СМУ және М. Өтемісов атындағы БҚМУ арасындағы ынтымақтастық жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтуде. Дөңгелек үстелді университеттің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., Ә.С.Тасмағамбетов ашып, екіжақты бірлескен жоба жұмысына сәттілік тіледі.

М. Өтемісов атындағы БҚМУ интернационалдандыру орталығының жетекшісі, PhD В.С. Зубков Н.Г. Чернышевский атындағы СМУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ арасындағы Болон процесі талаптарының шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі қорытындылары мен өзекті мәселелері бағытында, қос дипломды білім беру бөлімінің жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ғ.С. Ғұмаров Н.Г. Чернышевский атындағы СМУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ арасындағы қос дипломды білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен даму перспективалары бағытында, педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., Ш.Т. Габдрахманова екі жоғары оқу арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім беру саласындағы ынтымақтастықтың даму бағыттары тақырыбында баяндама жасады.

Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінен арнайы келген ресейлік әріптестер, психология ғылымдарының докторы, профессор М.В. Григорьева Болон процесі контексінде психологиялық-педагогикалық білім беруді дамыту бойынша ұсыныстарын айтса, педагогикалық психология және психодиагностика кафедрасының доценті, пед.ғ.к., доцент Л.Е. Тарасова қос дипломды білім беру кезіндегі педагогикалық қызметті психологиялық қамтамасыз ету мәселелері аясында сөз қозғады.

Осыған дейін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті (СМУ) арасындағы қосдипломды білім беру саласындағы инновациалық-білім беру консорциум кұру туралы келісімді орындау мақсатында және университеттер арасындағы қос дипломды білім берудің екі бағыты (филология /бакалавриат пен магистратура/ және психологиялық-педагогикалық білім беру /магистратура/) бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінде (Ресей Федерациясы) аралығында болып, екі жоғары оқу орны арасында келісімге қол қойылған болатын.

 

 

Р.Б. Сұлтанғалиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі

 

Мақалаға сілтеме

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua