«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОМЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

SAKRALNYI 307x600Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртуға септесетін алты жоба ұсынылғаны белгілі. Соның төртіншісі – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Бұл жобаны жүзеге асырудың мақсаты – халықтың ұлттық бірегейлігін және құндылықтарын нығайту. 

AVTORY-SAK.KAZ 292x600Жоба аясында Қазақстанның сакралды нысандары бойынша энциклопедияның екінші томы жарыққа шықты. Энциклопедияның екінші томына Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының сакралды нысандары енген. Аталған нысандар бойынша иллюстративті материалдар мен сол нысандар орналасқан жерін айқындайтын картасы да көрсетілген. Эциклопедия авторларының құрамында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, география кафедрасының доценті, қауымдастырылған профессор Ахмеденов Қажымұрат Мақсұтұлы да бар.

Энциклопедияның бірінші томы 2017 жылы шығарылды. Ол Астана мен Алматы қалалары, Ақмола мен Алматы облыстарына арналған болатын.

 

Сұлтанғалиева Рита,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ баспасөз қызметі

 

Мақалаға сілтеме

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua