ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕР ЖЫЛЫ

oryngul 600x517-300x259

Орынгүл Идеятова , М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Тарих, экономика және құқық»факультеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті, ҚР Президенті атындағы атаулы шәкіртақы иегері

2019 жылдың Жастар жылы болып жариялануы, әрине, біз үшін үлкен бір тосын сый болды десек артық етпес. Себебі Елбасымыз бұл жылы жастарға ерекше көңіл бөлінуі керектігін өз жолдауында атап көрсеткен болатын.

«Бой емес, ой жарыстыратын заманда» жастардың сын тұрғысынан ойлау қабілеті мен бәсекелестікке деген ынтасы жоғары болуы шарт. Бойда жастық жалын мен жігер барда, Елбасымыз діттеген жолда нәтижелі жұмыс атқарылады деген үміт басым. Менің ұққаным, әр адам өз кәсібімен, ісін сүйіспеншілікпен атқарса жетістікке қол жеткізуге болады. Біздің басты мақсат қазір білім алу болса, білімнің шыңына жетіп, үздік оқу арқылы өз маманының майталманы болуы керек деп ойлаймын. Ол үшін тіл игеру, жаңалықтан тыс қалмай, ақпаратты игеруге тырысу керек. Елбасының Жолдауын жас ұрпақ қолдап, екі аяғына нық тұрған, мүмкіндігі мығым мемлекеттің болашағы жарқын боларына сенімім зор.

Жалпы, мемлекет тарапынан әрқашан жастарға жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келеді. Біз бұл қолдауды көріп те, сезініп те жүрміз. Олай болса, биылғы жылдың жастар жылы болып жариялануы, ел болашағы – жастардың, өз-өздерін дамытуға, білімін, өнерін шыңдауға тағы бір серпін беріп отыр. Сондықтан биылғы жыл еліміздегі жастар үшін үлкен мүмкіндіктер, жаңару мен даму жылы болмақ.

 

Мақалаға сілтеме

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua