Оралда қылқалам шеберлері бас қосты

1541396990 article b 1500

Орал қаласында «Көркем шығармашылық: заманауи мәдениеттің озық үлгілері, теориясы, әдіснамасы және тәжірибе синтезі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Қазақстанның өзге өңірлерінен және Үндістаннан суретшілер мен өнер зерттеушілері қатысты.

Бұл шара Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мәдениет және өнер факультетінің (көркемсурет-графика) құрылғанына 40 жыл толуын орай ұйымдастырылған. Бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты жанынан құрылған көкркемсурет-графика факультетінен 40 жыл ішінде талай танымал өнер шеберлері түлеп ұшты. Факультеттің қалыптасуына, студенттер тәрбиесіне Төлебай Әбілов, Ғалит Қабдоллаев сынды алғашқы оқытушылардың сіңірген еңбегі зор. Осы факультеттің тұңғыш түлегінің бірі, кейін осы жерде ұстаздық еткен белгілі суретші, бүгінде өмірден өткен Айбар Сейтімовті де жиналғандар ерекше ризашылықпен еске алды. Факультеттің өткені мен бүгіні туралы толымды баяндама жасаған Қазақстан Суретшілер және Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, БҚМУ оқытушысы Қуандық Мәдір өз сөзінде осы жерден түлеп ұшып, бүгінде еліміздегі танымал қылқалам шеберіне айналған Қайыр Оразғалиевті және басқаларын атап өтті.

Конференцияда сондай-ақ қазіргі әлемде суретшіге және қоғамдық қарым-қатынасқа тұтастай сараптама беру, көркем шығармашылықты әлеуметтік құбылыс деп тану жолдарын ойластыру, көркем білім берудегі ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелерді ашу және оларды шешу жолдары талқыланды. Баяндамашылар ЖОО-да орындаушылық пәндерді оқытудағы дәстүрлер және жаңашылдықтар туралы, Қазақстанның ұлттық мәдениетінде бейнелеу өнері және дизайнды дамытудың заманауи үрдістері жөнінде пікеір алмасты.

Конференция аясында Орал қалалық көрме залында суретшілердің республикалық көрмесі ашылды. Көрмеге көркемсурет-графика факультетін әр жылдары бітірген түлектер мен белгілі қылқалам шеберлерінің үздік туындылары қойылды. Ол жұмыстардың арасында Орал, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Павлодар қалаларынан келген танымал суретшілердің еңбегі бар.

Көрме ашылуы кезінде Курукшетра (Үндістан) университеті бейнелеу өнері басқармасының төрағасы, философия өнерінің PhD докторы, профессор Рам Виранжан кескіндемеден шеберлік-дәрісін өткізді.

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ

Мақалаға сілтеме

 

фото20Халелова20Рафхата20145

фото20Халелова20Рафхата20178

фото20Халелова20Рафхата20217

фото20Халелова20Рафхата20272

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua