Астана мен БҚО студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында пікір алмасты

20181101201903

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студент жастары Орал қаласында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық жастар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Менің елім» атты тарихи-өлкетану жобасы бойынша Ақ Жайық өңіріне арнайы келді.

86 жылдан астам тарихы бар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Тасмағамбетовтің айтуынша, жоба мақсаты - студент жастар арасында еліміздің көрікті жерлері мен тарихи мұрасын дәріптей отырып, патриоттық тәрбие беруді нығайту.

Осының алдында Түркістан, Семей, Ақтөбе сияқты тарихи өңірлерді аралаған елордалық жастар Оралдан кейін Атырау, Ақтауға бет бұрмақ.
Астаналықтар екі күн бойы облыстық тарихи-өлкетану, «Рухани жаңғыру» музейлері және М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да болып, өздері секілді жастармен жақынырақ танысты. Дөңгелек үстел басында өзекті мәселелерді талқылап, бірге концерт қойды, тарихи тақырыпта өлеңдер оқыды. Университеттегі «Рухани жаңғыру» институтында болып, пікір алысты.

Қос ЖОО жастары алдағы уақытта тығыз байланыс жасап, пікірталас, КТК сайыстарын бірге өткізуге уағдаласты.

«Елбасының биылғы Жолдауының басты жаңалығының бірі - 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануы. Елордалық жастар қолға алған жобаның мақсат-міндеті осымен толық үндеседі. Екі университеттің жастары осылайша белсенді болып, елдің болашағы үшін бірге жұмыс жасаса, одан қос тарап та ұтады. Мемлекет басшысы әр Жолдауында, мемлекеттік бағдарламаларында жастар мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Ел білімді ұрпағымен мәңгі жасайды. Ендеше, жастар да ұлы даланың патриоты ретінде Қазақстанның дамуына сүбелі үлестерін қоса алады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Әсет Тасмағамбетов.

 

Мақалаға сілтеме

 

20181101201804

20181101201813

20181101201818

20181101201759

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua