«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

expo 1 optЖылдан жылға Қазақстан жалпыға танымал ірі аймақтық форумдардың орталығына айналып келеді. Осы арқылы өзінің халықаралық беделін нығайтуда. Сондай-ақ, бүгін ол 2017 жылғы мамандандырылған ЕХРО көрмесін Орталық Азия аумағында алғашқы болып өткізуге үміткер мемлекеттің бірі. Осыған орай 2014 жылдың 18 желтоқсан күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған «Қазақстанның инновациялық даму келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

Конференцияға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Каримов Марат Шайдоллаұлы, «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация «Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Балтаев Ержан Талгатович ,  «Технопарк «Алгоритм» ЖШС директоры Есекенов Арман Маликович, Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығының директоры Фомин Виктор Павлович, КазИИТУ ректоры Айтимов Аксерік Сареевич,  КазИИТУ ғылым және халықаралық қатынастар бойынша проректоры Кайрлиева Гаухар Ермеккалиевна қатысты. 

expo 2 opt expo 3 opt expo 4 opt

Конференцияның негізгі мақсаты: ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің Қазақстанның инновациялық дамуындағы рөлі мен алатын орны, инновациялық даму мәселелерін айқындау."ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесінің маңыздылығы, экономикалық тиімділігі және келешекке көзқарастар туралы ой қозғау.

Конференцияда қарастырылған негізгі мәселелер:

1. Еуразиялық экономикалық одақ – бірігудің спектрі

2. «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі – Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының даму факторы 

3. Батыс Қазақстанның қаржы секторының инновациялық дамуы: мәселелері және келешегі

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне арналған «Қазақстанның инновациялық даму келешегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғарғы дәрежеде өтті.

 

 

Коммерцияландыру офисі

Тарих, экономика және құқық факультеті

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua