«Тайманов оқулары – 2014» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы туралы ақпарат

taimanov 1 opt2014 жылдың 5 желтоқсан күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да математик-ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Оқу ағарту ісінің үздігі Асан Дабысұлы Таймановтың құрметіне арналған дәстүрлі «Тайманов оқулары – 2014» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.  

Конференцияның ашылу пленарлық мәжілісіне Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Иманғалиев Асқар Сәлімұлы және физика-математика ғылымдарының докторы, академик, С.Л. Соболев атындағы математика институтының динамикалық жүйелер зертханасының меңгерушісі, Новосибирск мемлекеттік университетінің геометрия және топология кафедрасының меңгерушісі Тайманов Искандер Асанович қатысты.

taimanov 2 optСонымен қатар конференцияға  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың теориялық математика және ғылыми есептеулер институтының директоры Бактыбеков Казбек Сулейменович, педагогика ғылымдарының  кандидаты, И.Н.Ульянов атындағы Ульянов мемлекеттік педагогикалық университеттің физика-математика факультетінің деканы Кузина Наталья Георгиевна, Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Қадырова Шолпан Маратовна және Асан Дабысұлы Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Шайхиева Самал Жәдігеровна және т.б. профессорлар мен оқытушы ұстаздар қатысты.

 

taimanov 3 optҒылыми-тәжірибиелік конференция екі секция бойынша болды:

1. «Теориялық және қолданбалы математика, физика, информатика саласындағы қазіргі заманғы мәселелері»;

2. Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі мен инновациялық-технологияларының өзекті мәселелері. 

Конференция барысында А.Д. Таймановтың ұлы Тайманов Искандер Асановичке БҚМУ профессоры атағы берілді. 

«Тайманов оқулары – 2014» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына 100-ден астам мақалалар түсіп оның 75-і іріктеліп алынды және мақалалар жинағы шығарылды.

 

Коммерцияландыру офисі

Физика-математика факультеті

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua