«Аймақ - 2050» Жалпыұлттық байқауының Батыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау туралы

vstraha 1 opt2014 жылдың 21 қарашасында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті бас ғимаратының 102 электрондық кітапханасының оқу залында «Аймақ - 2050» Жалпыұлттық байқауының Батыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болды. 

Марапаттау шарасында алғы сөзді  М.Өтемісов атындағы БҚМУ ҒЖ және ХБ жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы алып «Аймақ - 2050» Жалпыұлттық байқауының жоғары деңгейде өткенін атап көрсетті және жеңімпаздарды құттықтады.

Кейінгі сөз кезегін қызмет жетекшісі Ысқақов Ерболат Түгелбайұлы алды. Ол «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының қандай қызмет атқаратынын, қандай бағыттарда жұмыс жасайтындығын, болашаққа жоспарларын таныстыра отырып, байқау жеңімпаздарын құттықтады.

Аталған байқауға тапсырылған 33 жұмыстың 21-і М.Өтемісов атындағы БҚМУ болды және комиссиясының шешімі бойынша 7 жеке жоба байқауға жіберілді. Байқау қорытындысының нәтижесінде БҚО бойынша Мельников Владимир  Леонидович  «К  региональному благополучию через  законотворческие инициативы» 2 орын, Буланова Н.К., Михеева А.А., Жазыкбаева М.К., Досмухамбетов Е.Р., Герасимов А.В. «Стратегия развития малого и среднего бизнеса в Западно-Казахстанской области» 3 орын, Аймешева Ж.С., Нестеренко Г.И., Чудрова В.У., Бахтиярова А.Ж., Черемухина О.В. «Необходимость системы энергоменеджмента» атты жұмыспен 3 орын иеленгені хабарланып, оларға ақшалай сертификаттар табыс етілді. Сонымен қатар байқау жеңімпаздары, белсенді қатысушылары  және ұйымдастырушылар мақтау қағазымен марапатталды. 

 

vstraha 2 opt vstraha 3 opt

 

Коммерцияландыру офисі

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua