Республиканская научно-практическая конференция «Отарәлі Бүркіт және тіл білімі мәселелері»

byrkit 1-compressor2014 жылдың  7 қарашасында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен республикаға белгілі ғалым, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, филология ғылымдарының  докторы, профессор Отарәлі Бүркіттің туғанына 60 жыл толуына арналған  «Отарәлі Бүркіт және тіл білімі мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Конференцияға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Миров Мұхтар Орынбасарұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Абдрахманова Жұмазия Мәжитқызы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Хасанов Ғабит Қайыржанұлы қатысып, пленарлық мәжілісте конференция тақырыбына сай өз баяндамаларын оқыды. Сонымен бірге филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жақыпов Жантас Алтайұлы баяндамасын онлайн режимінде жолдады.

Пленарлық мәжілісті жиынның модераторы: педагогика ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің деканы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы жүргізді. Алғы сөз М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Иманғалиев Асхат Сәлімұлына беріліп, ректор өз сөзінде конференция қонақтарын құттықтап, басқосудың сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Конференция қонақтарына облыс әкімінің орынбасары Мәкен Бақтияр Мәкенұлының  құттықтау  хаты  таныстырылды. 

Конференцияға ғалымның жұбайы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ержанова Ұлдай Рысқалиқызы, ғалымның ұлы, «Болашақ» стипендиясының иегері, Лондондағы Кэмбридж университетінің магистранты, Дүниежүзілік инжернерлер Қауымдастығының мүшесі, Нидерланды Королдігінің Амстердам қаласындағы «SHal» компаниясының Бас инженері Бүркіт Ұлан Отарәліұлы және О.Бүркітұлының көзін көрген  әріптестері, шәкірттері  қатысты.

Пленарлық мәжілісте оқылған баяндамалар: 1. Хасанов Ғабит Қайыржанұлы –  филология ғылымдарының докторы, профессор (Орал): «Профессор О.Бүркіт – публицистикалық стильді зерттеуші»; 2. Миров Мұхтар Орынбасарұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры (Ақтөбе): «О.Бүркіт және Жұбановтану мәселелері»; 3. Абдрахманова Жұмазия  Мәжитқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті (Атырау): «Көптілділік мәдениетінің әлемдік тәжірибесі»; 4. Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы – филология ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессоры (Орал): «Профессор О.Бүркіт және түркітану мәселелері»; 5. Жақыпов Жантас Алтайұлы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (Астана): «О.Бүркіт және қазақ тілі білімінің кейбір мәселелері» (онлайн түріндегі баяндама).

byrkit 2-compressorБаяндамалар оқылғаннан кейін, ф.ғ.к., доцент, ғалымның жұбайы Ұ.Р.Ержановаға сөз кезегі беріліп, О.Бүркіттің 4 томдық монографиясының мазмұнымен таныстырылып, тұсауы кесілді. Жаңадан жарық көрген еңбектердің тұсауын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик А.С.Иманғалиев кесті. Аталған ғылыми кітаптар Ұ.Р.Ержанованың басқаруымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығынан шығарылған. Кітапта Отарәлі Бүркітұлының ғылыми мақалалары мен зерттеулері және ұстаз-ғалым туралы естеліктер жинақталып, баспаға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті  Ғылыми  кеңесінің  шешімі  негізінде  ұсынылған.

Конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессор-оқытушылар құрамы, облыс және қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, сондай-ақ, жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысты. Сонымен бірге конференцияға ақын-жазушылар, қаладағы қоғамдық ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Конференция секцияларына келіп түскен ғылыми мақалалар университет баспасынан жинақ түрінде жарық көрмек. Конференцияның өз дәрежесінде өтуіне қазақ филологиясы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы  атсалысты. 

 

 

Қазақ филологиясы кафедрасы

Коммерцияландыру офисі

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua