«Біз – болашақтың қуатымыз» атты жастар арасындағы инновациялық және серпінді жобалардың республикалық байқауының жеңімпазы

zhastar2014 жылдың 21 қазан күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырумен «Біз – болашақтың қуатымыз» атты жастар арасындағы инновациялық және серпінді жобалардың республикалық байқауы өтті. Қазақстанның қалаларынан келген студенттер өз жобаларын ұсынды. Бұл байқаудың негізгі мақсаты - EXPO-2017 халықаралық көрмесіне жобаларды іріктеу арқылы, жастардың ғылыми жұмысқа деген қызығушылықтарын арттыру, жаңа идеялар арқылы еліміздің дамуына, сонымен қатар көрменің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосу. Байқау келесі секциялар бойынша өтті: 

1. «Байланыс саласы»;

2. «IT технологиясы және робототехника»;

3. «Мұнай және газ»;

4. «Энергия үнемдеу технологиясы».

Осы байқауға М.Өтемісов атындағы БҚМУ физика-математика факультетінің физика мамандығының 2-курс студенті Қабдығали Жанайым қатысып, 1-орынды иеленді. Ол өзінің «Сутегі мен гелий атомдарын синтездеу арқылы жасалған электрстанциясы» тақырыбындағы жобасын «Энергияны үнемдеу технологиясы» секциясында ұсынып, қорғады. Жобаның негізгі мақсаты – болашақта таза, қауіпсіз, сапалы және тиімді пайда әкелетін энергия көздерін табу. Жобада электрстанциясын құрастырудың негізгі міндеттері: күн сәулесінен келіп түскен сутегі мен гелий атомдарын синтездеп, үдеткіштер көмегімен жылдамдығын арттыру арқылы электр энергиясын алу. Алынған энергияны конденсатор көмегімен трансформаторларға жіберіп, тұтынушыларға энергия көзін беру. 

Байқау жоғары деңгейде өтті. Байқауға студенттермен қатар магистранттар да өз жобаларын ұсынды. Осындай ғылыми жобалар байқауларын өткізу барысында жастардың ғылымға деген қызығушылығы артады.

 

Коммерцияландыру офисі

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua