«ЕАЭО: кәсіпорынды дамыту шеңберіндегі жаңа мүмкіндік» Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлымен кездесуі өтті

DSC016432014 жылдың 6 маусымында 8 маусым жеңіл өнеркәсіп күніне орай «ЕАЭО: кәсіпорынды дамыту шеңберіндегі жаңа мүмкіндік» тақырыбында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ғалымдарының және облысымыздың кәсіпорын басшыларының ҚР Индустрия және технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлымен кездесуі өтті.

Кездесудің басты мақсаты Қазақстан әлемінің басымдыққа ие мәселелерін шешуге бағытталған Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы барысындағы, интеграция еліміздің түрлі өндіріс салаларына инвестиция ағыны мен экспорттық әлеуетін арттыру  мақсатында отандық өнеркәсіптер үшін  тигізер пайдасын насихаттау. Кездесу сұрақ-жауап алмасу бағытында өтті. Кездесуге Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Кәрімов Марат Шайдоллаұлы, БҚО кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен 20 кәсіпорын басшысы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар және магистранттар мен студенттер қатысты. Сонымен бірге кездесуге, қаладағы қоғамдық ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. 

Кездесуді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Кәрімов Марат Шайдоллаұлы ашып, барша қатысушы тарапты  жеңіл өнеркәсіп күнімен құттықтады. Әрі қарай ҚР Индустрия және технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлы баянда жасап, еліміздегі жеңіл өнеркәсіп даму жолындағы жаңалықтарымен бөлісіп, мереке қарсаңына орай қатысушы жеңіл өнеркәсіп басшыларына еліміздің гүлденуі жолында қажырлы еңбектері үшін алғыс жариялап, дипломдар табыстады. 

Кейін өнеркәсіп басшылары өздерін ойландырған сұрақтарын қойып, талқыға салды. Бақтыбай Әшімбекұлы алдағы уақыттарда талқыланған көкейкесті мәселелердің шешімін табатынын айтты.

Кездесу соңында университетіміздің бірінші проректоры т.ғ.д. Ә.С.Тасмағамбетов кәсіпорын өкілдерін мерекелерімен құттықтап, аталмыш тақырыпқа сай университетіміздегі атқарылып жатқан ғылыми жобалар жөнінде қысқаша баяндап, кездесу қонағы Бақтыбай Әшімбекұлына ашық дәрісі үшін алғыс білдірді. 

DSC01621DSC01630DSC01631

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua