«Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің өзара байланысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

IMG 70792014 жылы 5 маусымда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және облыстық прокуратура органдарымен бірлесе,  облыстық қазақ драма театрында діни экстремизмге қарсы әрекет етудің, Қазақстандағы тұрақты діни ахуалды сақтаудың тетіктерін жетілдіру мен дамыту мәселелеріне арналған  «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің өзара байланысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, облыстық прокуратура қызметкерлері, еліміздегі жоо-ның  ғалымдары, мешіт имамдары, медресе ұстаздары, М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессор-оқытушылар құрамы, облыстық оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, сондай-ақ, жас ғалымдар магистранттар мен студенттер қатысты.  Конференцияға дінтанушылар, ғалымдар, саясаттанушылар, облыстық діни бірлестік басшылары мен қаладағы қоғамдық ұйым басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

 Конференцияны Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенұлы Мәкен мен  Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Хамидолла Зиноллаұлы Дәуешов ашты. Пленарлық мәжіліс барысында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың бірінші проректоры, т.ғ.д. Әсет Сембайұлы Тасмағамбетовтың «Қазақстанда зайырлы мемлекеттің қалыптасуы, тарихи ерекшеліктері», Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанындағы республикалық АНТ мүшесі, Атырау облыстық мешітінің наиб-имамы Ерсін Бекайдарұлы Әміренің «Исламға қатысты дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиялық астары», Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанындағы республикалық АНТ мүшесі, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Мәлікұлы Сыздықовтың «Қазақ халқының бүгінгі таңдағы дін мәселесіндегі жағдайы», «Орал» медресесі жеке мекемесінің ұстазы Мохамед Наги Шушан Касемнің (Египет Араб Республикасы) «Дін және дәстүр»  және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы Гүлмира Мәлікқызы Хайруллинаның «Толеранттылық – ұлтаралық келісімнің негізі», Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «Заңтану» кафедрасының меңгерушісі Жанар Нұрлыбайқызы Ахатованың «Религиоведческое образование как фактор формирования свесткого общества» тақырыптарындағы баяндамасы тыңдалды.

Конференцияға Астана, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Атырау, Ақтөбе және Орал  қалалаларының жоо оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінен, теориялық және практикалық деңгейде мәнділігі зор, мазмұнды 55 баяндама ұсынылды. 

Конференция жұмысы пленарлық мәжілістен өзге  үш секцияны қамтиды: 1-секция «Зайырлылық және зайырлы мемлекет: конституциялық және құқықтық аспектілері», 2-секция «Қазақстан Республикасында орта және жоғары білім беру жүйесінің зайырлылық қағидаты, өзекті мәселелері», 3-секция «Зайырлы қоғамдағы дінаралық келісім: дәстүрлі құндылықтар мен діннің рөлі».

 

IMG 7128IMG 7168IMG 7193

 

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua