«Еуразиялық экономикалық интеграция» тақырыбындағы дөңгелек үстел

20140605 1032512014 жылдың 5 маусымында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде еліміздің Ресей, Беларусь елдерімен бірлесе құрған «Еуразиялық экономикалық одағы», яғни бірыңғай нарық қалыптастыру, тауарлар,  кәсіпкерлікті барынша тиімді жүзеге асыру бағытында келісілген экономикалық саясатты жүзеге асыру аясындағы іс-шаралар барысында «Еуразиялық экономикалық интеграция» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына университетіміздің ғалымдары, оқытушылары, магистрантар мен студенттік ғылыми қоғам мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелді университет ректоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор Иманғалиев Асхат Сәлімұлы ашып, әрі қарай экономика және басқару факультетінің деканы экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.И.Нестеренко жүргізді.

Дөңгелек үстел барысында аталмыш тақырыпқа сай көптеген мәселелер қаралды. Айта кетсек, э.ғ.к., доцент Г.И. Нестеренконың «ЕАЭО – Қазақстанның экономикалық даму жолы» тақырыбындағы баяндамасы, с.ғ.к. О.В. Юровтың «Предпосылки Интеграции Евразийского пространства» тақырыбындағы баяндамасы,  э.ғ.д., профессор Л.И. Мергалиеваның «ЕАЭО-ның интеграциялық үрдістеріне Қазақстанның қатысуы: мүмкіндіктері, тәуекелі, сценариі» тақырыбындағы баяндамасы, э.ғ.к., доцент А.Б. Тлесованың «ЕАЭО: интеграциялық үдерістің артықшылықтары» тақырыбындағы баяндамасы, э.ғ.к., доцент А.Н. Турченконың «ЕАЭО – интеграция қадамы» тақырыбындағы баяндамасы, аға оқытушы магистр А.Ж. Бахтиярованың «ЕАЭО: әлемнің жоғары дамыған елдердің қатарына енуі» тақырыбындағы баяндамасы және студенттік ғылыми қоғам мүшесі «Маркетинг» мамандығының 3-курс студенті А. Тресованың «ЕАЭО: бәсекеге қабілеттіліктің жаңа белестері» атты баяндамалары тыңдалды. Баяндамашыларға қатысушылар тарапынан тақырыптарына сай сұрақтар қойылып, ЕАЭО келешегі туралы мәселелерді қозғады. Дөңгелек үстелге қатысушы барлық тараптар ЕАЭО аясында талқыланған мәселелерді бір ауыздан қолдады.

 

 

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua