2014 жылы 30 мамырда «Қазақстан тәуелсіздігі және егемендігі тарих толқынында (1991 – 2014 жж)» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

konf 22014 жылы 30 мамырда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасымен және «Қоғамтанушылар одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе,  тарих және құқық факультетінің акт залында  «Қазақстан тәуелсіздігі және егемендігі тарих толқынында (1991 – 2014 жж)» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.    

Конференцияның басты мақсаты – Қазақстанның экономикалық, құқықтық, әлеуметтік дамуының аспектілерін конструктивті бағытта талқылау,  ғылыми және тәжірибелік негізде еліміздің болашақ дамуын қалыптастыру, өзара тәжірибе алмасу. 

Республикалық конференцияда төмендегі ғылыми-тәжірибелік бағыттар талқыланды:

1. Қазіргі Отандық тарихнамадағы Қазақстан тарихын зерттеудің жаңа әдістері. 

2. ҚР тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік – экономикалық, саяси және рухани дамуының негізгі мәселелері. 

3. Жаһандану және бірігу жағдайындағы Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясаты 

konf 3Конференция жұмысына БҚО Ішкі саясат басқармасы өкілдері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры т.ғ.к.,  Ж.О. Орамах, М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессорлық-оқытушылар құрамы, қалалық оқу орындарының тарих және қоғамдық пәндер оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, сондай-ақ, жас ғалымдар–магистранттар мен студенттер қатысты. Конференцияға ғалымдар, саясаттанушылар, қаладағы қоғамдық ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.    

Конференцияның ашылу салтанатында БҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы А.О. Есекенова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры  Ж.О. Орамах, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы т.ғ.к., доцент Х.И. Кужабергенова сөз сөйлеп, конференцияның ел тарихын зерттеудегі маңыздылығы жөнінде айтып өтті. Пленарлық мәжіліс барысында Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., Г.Б. Сүлейменова  «Роль Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в развитии идеи Евразийства» атты тақырыпта баяндама жасады. Сонымен қатар дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы Т.Т. Шайхиевтің «Қазақстандағы президенттік басқару нысанының қалыптасуы мен дамуы» және 2 - курс студенті А.И.Болатованың «Проблемы социально-экономического, политического и духовного развития Республики Казахстан в годы независимости» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. 

konf 4Конференцияға сәйкес Астана, Қарағанды, Балқаш, Атырау, Ақтөбе және Орал  қалалаларының жоо оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінен, теориялық және практикалық деңгейде мәнділігі зор, мазмұнды 60-тан аса баяндама ұсынылды. 

Конференция жұмысы пленарлық мәжілістен өзге  төрт секцияны қамтиды: 1-секция «Қазіргі Отандық тарихнамадағы Қазақстан тарихын зерттеудің жаңа әдістері», 2-секция «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік – экономикалық, саяси және рухани дамуының негізгі мәселелері», 3-секция «Жаһандану және интеграциялану жағдайындағы Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясаты», 4-секция «Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі оқытудың инновациялық әдістері». 

 

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua