«Қазақ тілінің шығу тарихы: фонетика» атты кітабының тұсаукесері

2Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиеттіде, басқа ғылым кереметтерін де кітаптардан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтың көзі де осы кітаптар.

Жас ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке, еліміздің гүлденуіне өз үлесін қосуға бағыттау, тәрбиелеу мақсатында,М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 16 мамырында ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен,филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр Бөкенбайұлының «Қазақ тілінің шығу тарихы: фонетика» атты кітабының тұсаукесері болып өтті. ТұсаукесергеБолат Жексенбаев, университетіміздің ғалым-ұстазы Серкіққали Ғабдешұлы Шарабасов және т.ғ.д., профессор,  ғылым ісі және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы, сонымен қатар магистранттар мен студенттер қатысты. 

 

bib 1Шара Әбілсейіт Қапизұлының алғы сөзімен басталып, одан әрі,Серікқали Ғабдешұлы мен  Болат Жексенбаев ағаларымыздың Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы туралы және шығармашылығы мен ғылым жолындағы жетістіктері туралы өз пікірлерін ортаға салуымен жалғасын тапты. Оқырман қауым үшін кештің әсерлі, мәнді болғаны соншалық, студенттер Мұрат Бөкенбайұлына көкейлерінде жүрген сұрақтарын жеткізе отырып, тұсаукесер кешін  жандандыра түсті.

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua