Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және профилактика

sibailas 12014 жылдың 15 мамыры күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарға алып келетін жағдайлардың алдын алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және профилактика» атты облыстық семинар өткізілді.

Семинар жұмысына Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы, БҚО Экономикалық қылмысқа және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрес  департаменті мен Орал қалалық студенттер альянсының өкілдері шақырылып,  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті, Батыс Қазақстан инженерлі-гуманитарлық университеті профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, студенттердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

sibailas 2Қаржы полициясының құқықтық қызмет бөлімінің басшысы Ә.Қ. Истюбекова, қаржы полициясының инспекторы Ә.А.Исаев, Орал қаласы прокурорының аға көмекшісі Ә.Е.Денисбаева,  БҚО проркурорының көмекшісі Т.Ғ.Идрисов, Орал қалалық студенттік альянсының мүшесі Т.Дүйсенбаев және университеттің құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі А.Қ.Нұржанова,  мониторинг және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің жетекшісі П.А.Добряевтар студенттер мен оқытушылар қауымы алдында баяндама жасап, бейне фильмдер көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

sibailas 3Семинар жұмысының сессия барысында студенттердің келеңсіз жағдайларға тап болмауына, олардың  құқықтық сауатты болуына бірден –бір үлес қосып, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіне тарту мен студенттер арасындағы құқықтық сана мен азаматтық ұстанымды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу көріністеріне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға зор ықпал етері сөзсіз.

 

 

 sibailas 4sibailas 5sibailas 6

 

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua