2014 жылы 5 мамырда дәстүрлі «VІ Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

konf 1М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 5 мамырында   дәстүрлі «VІ Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  оздырылды. 

Конференция жұмысына өзге елден Түркияның, Оңтүстік Кореяның және Қазақстан Республикасының ЖОО-ның ғалымдары мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессор-оқытушылар құрамы, БҚО және Орал қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімдері, махамбеттану тарихын зерттеп жүрген жергілікті өлкетанушылар, сондай-ақ жас ғалымдар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Сонымен бірге конференцияға ақын-жазушылар, қаладағы қоғамдық ұйым басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Конференция М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик А.С.Иманғалиевтың  алғы сөзімен  басталды.

Аталмыш конференцияның пленарлық мәжілісінде ақын, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет және Ахмет Байтұрсынов атындағы Республикалық, Зейнолла Қабдолов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреты Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлының (Атырау), Ардахан университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, профессор, доктор Орхан Сөйлемездің (Түркия), өлкетанушы Ғаділше Өтебәлінің (Орал), Сеул қаласы, Сунгконгхое университетінің (Sunghoe university) профессоры, доктор Ли Джонг Хьюнның (Оңтүстік Кория Республикасы), экономика ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры Мергалиева Лилия Игоревнаның (Орал) және «Махамбет» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлының баяндамалары тыңдарман назарына ұсынылды.

Конференция жұмысы пленарлық мәжілістен өзге  тоғыз секцияны қамтыды: 1-ші секция «Махамбет және қазақ филология мәселелері», 2-ші секция «ЖОО-дағы математика, физика, информатиканың өзекті мәселелері», 3-ші  секция «Қазақстанның қазіргі экономикасының дамуының басты бағыттары», 4-ші  секция «Актуальные проблемы русистики, литературоведения и методики начала ХХ века», 5-ші  секция «Қоғамдық-әлеуметтік ғылымдар бағыттары», 6-ші  секция «Педагогикалық ғылымдар мәселелері мен дене тәрбиесі және спорт», 7-ші  секция «Жаратылыстану ғылымдарының көкейкесті сұрақтары», 8-ші  секция «Шет тілін оқытудың өзекті мәселелері», 9-ші  секция «Өнертану ғылымдарының өзекті мәселелері». 

Қорыта айтқанда, конференция жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан, колледждер мен мектептерден 126 баяндама түсті. Баяндамалар тақырыбы кең көлемді.  Атап айтқанда махамбеттанудың бүгінгі таңдағы өзекті мәселелері, ақын ғұмырымен және оның әдеби  мұрасымен байланысты тарихи тың деректер, Махамбет шығармаларының жоғары оқу орындарында және жалпы орта білім беретін мектепте оқытылу жайы қарастырылады. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері, гуманитарлық, тарих, қоғамдық-әлеуметтік, экономика, өнертану т.б ғылым салаларының бүгінгі таңдағы бағыт-бағдары, даму жайы қозғалды.

Ғылым және коммерцияландыру департаменті

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua