«Қазақстан жолы-2050: бір-мақсат, бір-мүдде, бір-болашақ» жолдауына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығының жабылуы

zhabilu 12014  жылдың 17 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір-мақсат, бір-мүдде, бір-болашақ» жолдауына арналған «Жастар және ғылым» атты студенттер мен магистранттардың ғылыми апталығының салтанатты жабылуы өтті.

Жабылу барысында ғылыми апталық аясында өткен іс-шараларға шолу жасай отырып, бейнеролик көрсетіліп және «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің 72-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясының, сонымен қоса студенттік ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Қоғамдық мәселелер және PR» атты пиар жобалар байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімдері өтті. Шараны ұйымдастыруға тәрбие жұмысы бөлімі мен мәдениет және өнер факультеті белсене ат салысты. 

Жабылу салтанатында ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Имашев Эдуард Жүсіпұлы сөз сөйлеп, ғылыми апталық аясында өткізілген шараларда белсенділік танытқаны үшін магистрантар мен студенттерге ректордың алғыс хатын табыстады. «Жастар және ғылым» атты магистранттар мен студенттердің 72-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясының қортындысы бойынша әр факультеттің декандары шығып, көпшілік алдында өз факультеттерінде өткен секциялардың жеңімпаздарын марапаттады.  Ал 15 сәуір күні өткен «Қоғамдық мәселелер және PR» атты пиар жобалар байқауының үздіктерін, студенттік ғылыми қоғам төрағасы Ислямова Тұрсынай марапаттады. Факультет декандары ғылыми апталық аясында өткізілген шараларға жақсы баға беріп, ғылым және коммерцияландыру департаментіне алғыстарын білдірді.

zhabilu 2zhabilu 3zhabilu 4

ПОДЕЛИТЬСЯ

Отправить в DeliciousОтправить в DiggОтправить в FacebookОтправить в Google BookmarksОтправить в StumbleuponОтправить в TechnoratiОтправить в TwitterОтправить в LinkedInОтправить в BobrdobrОтправить в LiveinternetОтправить в LivejournalОтправить в MoymirОтправить в OdnoklassnikiОтправить в VkcomОтправить в Yaru

ВИРТУАЛЬНЫЙ ТУР

ПАРТНЕРЫ

joomla

КАНАЛЫ RSS

Разработано Joomlamaster.org.ua совместно с Joomstudio.com.ua